2024 жылғы 28 қараша күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ұйымдастырумен «Ежелгі және ортағасырлар кезеңіндегі Қазақстан тарихы Қытай деректерінде: тарихи зерттеулердегі дәстүр сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Отандық тарихшылардың соның ішінде аға буын ғалымдар мен жас тарихшылар арасындағы ғылыми сабақтастықты нығайта отырып, ортағасыр кезеңіне қатысты деректерді игеру және методологиялық-әдістемелік мәселелерін талқылау.
Дөңгелек үстелге белгілі мәдениеттанушылар мен этнограф, зертеуші ғалымдардар қатысты, атап айтқанда ежелгі көшпенділер мәдениеті туралы ұзақ жыл зерттеу жасаған және бірқанша монографияның авторы Ясин Құмар, Тұркештер қағанатын зерттеуші ғалым т.ғ.к., Әлімғазы Дәулетхан, сонымен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аға оқытушысы, PhD докторант Нұртәліп Шәріпқазы қатарлы тарихшы, ғалым азаматтар қатысты. Модератор тізгінін ұстаған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Бас директорының халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., Ж.Ж. Жеңіс өтіп жатқан дөңгелек үстелдің мақсаты мен маңызына тоқталып, дөңгелек үстел қонақтарына иниституттағы орындалып жатқан бірқатар ғылыми жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар аға буын ғалымдар мен жас тарихшылар арасындағы ғылыми сабақтастықты нығайту туралы өз ойын сабақтады. Осыдан кейін сөз алған институттың Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор З.E. Қабылдинов институтымыздың кешегісі мен бүгіні, кадрлық құрамы мен атқарылып жатқан қомақты жұмыстармен мақсатты қаржылық жобалар туралы қысқасша айта келіп, алдағы жүзеге асатын бірқатар жобалар мен шаралар туралы тоқталды. Соңында баяндамасын қорытындылай келе институтта қазіргі кезде жас ғалымдардың ғылыммен айналысуына барынша жағыдай жасалынып жатқанын атап өтті. Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ә. Дәулетхан әуелі өткен кезеңдегі ғалымдардың және өзінің ғылымдағы өмірінен тәжірибесімен бөлісіп, жас ғалым талапкерлерге ғылым жолына табанды және адал, қажырлы болуды, тоқтаусыз нәтижелі еңбек етіуге шақырды.
Этнограф, зертеуші ғалым Ясиын Құмар сөз алған кезде өзінің ғылымға қалай келуі туралы баяндап берді. Сонымен қатар ежелгі көшпенділер мен орта жазық Қытай мідениетінің сабақтастығы туралы айта келіп отандық тарих ғылымында осы кезеңді зерттеудің өзектілігіне айрықша тоқталды. Жас ғалымдарды осы салада көбірек зерттеу жасауға шабыттандырды. Осыдан кейін баяндама тізгінін ұстаған нституттың жетекші ғылыми қызметкері және Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі т.ғ.к., Жанымхан Ошан Отандық тарих ғылымын зерттеуде іргелес елдердегі түпнұсқалық деректердің маңыздылығы ерекше екенін баса дәріптеп, Атап айтқанда шығыс деректерін игерудің өзектілігінің күн сайын артып келе жатқанын баса дәріптеді.
Осыдан кейін модератор сөз тізгінін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің аға оқытушысы, PhD докторант Нұртәліп Шәріпқазыға берді. Баяндама кезінде Н. Шәріпқазы ЖОО мен іргелі зерттеу институттарының арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтудың маңыздылығына арнайы тоқталды және ортағасыр кезеңіне байланысты жас мамандарды дайындауда оқу әдістемесінің методологиялық мәселелері мен зерттеудің маңыздылығын баса айтты. Аталған дөңгелек үстелде жас буын тарихшылардың да белсенді қатысып, ұсыныс пікір талаптарын айтқанын да ескерткіміз келеді. Соның ішінде Ежелгі және ортағасыр кезеңін зерттеуші маман, тарих магистрі Алмагүл Бекенова бүгінгі кездесу туралы ризашылығын айта отырып, буын арасындағы сабақтастықтың маңыздылығына баса мән берді. Сонымен бірге ежелгі көшпенділердің этнографиялық бейнесінің зерттелуі туралы айта келе, осы тақырып бойынша аға буын тарихшы ғалымдардан алатын ғылыми кеңестің маңыздығыныа тоқталды әсіресе соның ішінде шығыс дереккөздері бойынша ғылыми зерттеу жасаған отандық тарихшылардың жастарға көбірек бағыт-бағдар беруін баса дәріптеп айтты. Бұдан тыс Елдос Сауырқан, Марыс Қаділбек және Күнбек Нұртайұлы қатарлы жас ғалымдар да аға буын зерттеушілермен болған ғылыми кездесуді жоғары дәрежеде бағалай келе, аталған кездесу туралы өз ойларын бөлісті, сонымен қатар ежелгі және ортағасыр кезеңін зерттеудің жаңа әдістері мен мәселелері туралы іргелі жоспар құрудың маңыздылығын жете түсінді. Бұдан өзге алдағы уақытта ежелгі және ортағасыр кезеңін зерттеуде шығыс деректері, атап айтқанда қытай, парсы және ортағасырлық түркі жазбаларын түпнұсқалық негізде пайдалану мен талдау, саралауды қолға алып үздіксіз дамуды мақсат ететіндіктерін жеткізді. Иниституттың Ежелгі және ортағасыр кезеңін зерттеуші бөлімнің жас мамандары алдағы уақытта осындай ғылыми кездесулердің жалғасын табатынын негізгі жоспарға кіретінін айтты.