ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
Құрметті әріптестер!
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2025 жылғы 20 қаңтарда «Қазақстандағы мұсылман және православиелік миссионерлер: қызметі мен нәтижелері (XIX – XX ғасырдың басы)» атты гранттық қаржыландыру жобасының нәтижесімен таныстыру мақсатында ғылыми семинар өткізеді.
Жобаның өзектілігі халықтың діни өміріндегі заманауи үдерістермен, атап айтқанда әлемдік конфессияларға еш қатысы жоқ діндерді насихаттаумен, сондай-ақ жастардың дәстүрлі емес бағыттарға деген құштарлығымен байланысты. Жобаның негізгі міндеттерінің бірі – ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы мұсылман және православиелік миссионерлердің қызметін жариялау. Өткен және қазіргі уағызшылардың айрықша ерекшелігі – православиені насихаттауда патша үкіметі жан-жақты қолдады және сонымен бірге исламды қудалау саясаты жүргізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады және сенім таңдау мәселесінде сенушілерге ешқандай әсер етпейді және қысым жасамайды.
Жобаны іске асыру барысында жоғары рейтингті ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар жазу кезінде, құжаттар жинағын дайындау және ұжымдық монография жазу кезінде пайдаланылған деректі материалдарды жинаудан тұратын орасан зор зерттеу жұмыстары жүргізілді. Іссапарлар барысында қатысушылар XIX–XX ғасырдың басындағы Ресей империясындағы исламның жағдайын, православие дінін насихаттауға баса назар аударылған көпұлтты халық арасындағы діни уағызшылардың жұмысына ерекше назар аударды. Жоба қатысушылары ғылыми кітапханалардың сирек қорларының материалдарымен жұмыс істеді, жоба тақырыбы бойынша жаңа дереккөздерді анықтады.
Ғылыми зерттеуді сынақтан өткізу мақсатында жоба бойынша «Орталық Азиядағы миссионерлік қызмет: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, оған осы мәселемен айналысатын ғалымдар қатысты, конференция материалдарының жинағы жарық көрді. Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларымен индекстелген рецензияланған ғылыми басылымда, нөлдік емес импакт-факторы (РҒДИ) бар рецензияланатын шетелдік басылымда, нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған отандық басылымда (БҒССҚК ұсынған) бірқатар мақалалар жарық көрді.
Жоба нәтижесінде XIX ғасырдағы Қазақстан тарихы мамандарына, дінтанушыларға, студенттерге және барлық мүдделі адамдарға арналған «Мусульманские и православные миссионеры в Казахстане: деятельность и результаты (ХІХ – начало ХХ веков) // Қазақстандағы мұсылман және православие миссионерлері: қызметі мен нәтижелері (ХІХ – ХХ ғғ. басы)» атты ұжымдық монография дайындалып, жарияланды, көлемі 462 бет.
Ғалымдарды, мамандарды, докторанттар мен магистранттарды, студенттерді «Қазақстандағы мұсылман және православиелік миссионерлер: қызметі мен нәтижелері (XIX – XX ғасырдың басы)» атты жобасын зерттеу нәтижесімен толығырақ танысу үшін ғылыми семинарға қатысып пікір білдіруге шақырамыз.
Ғылыми семинардың уақыты: 20.01.2025 ж., сағат 12.00.
Zoom идентификаторы: 868 3843 7721.
Zoom коды: 144652.
Ұйымдастыру комитеті