ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
Құрметті әріптестер!
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2025 жылғы 12 ақпанда «XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың ағартушылық қызметі» тақырыбында ғылыми семинар өткізетінін хабарлайды. Семинар гранттық жобаның нәтижелерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылады.
Жобаның негізгі мақсаты — XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы ғылыми-ағартушылық қызметке бағытталған қоғамдық ұйымдардың құрылуы мен қызметін зерттеу. Зерттеу барысында олардың қызметінің негізгі аспектілері және Кеңес дәуірінде ағартушылық пен ғылыми зерттеулердің дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Жобаның маңызды жетістіктері мыналар:
- Орынбор, Қызылорда және Алматы кезеңдеріндегі қоғамдық ұйымдардың құрылуы мен қызметі туралы архив деректеріне негізделген толық мәліметтер.
- Ұйымдардың мүшелері, басқару құрамдары, жарғысы және қаржыландыру көздерін анықтау.
- Ғылыми қоғамдардың мәдени-ағартушылық бағыттары мен олардың зерттеу мектептерінің қалыптасуына әсері.
- Ташкенттегі «Тала» қоғамы және ағартушылық қызметінде маңызды рөл атқарған басқа да мәдени бастамалар туралы архив деректерін зерттеу.
- Кеңес дәуірінде Қазақстандағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуына қоғамдық қорлардың қосқан үлесін бағалау.
Зерттеу нәтижелерін апробациялау үшін «XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ интеллигенциясын ағартушылық: қызметі және тарихы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды, конференция материалдары жинағы жарияланды. Сонымен қатар халықаралық дерекқорларда индексделетін рецензияланған журналдарда мақалалар жарияланды, және «Қазақстандағы 1920 – 1930 жылдардағы қоғамдық негізде ағартушылық қызмет атқарған ұйымдардың тарихы» атты ұжымдық монография дайындалды (Алматы: ИП «Радуга», 2023).
Ғылыми семинарға ғалымдарды, мамандарды, докторанттар мен магистранттарды және студенттерді жобаның нәтижелерімен жан-жақты танысу үшін қатысуға шақырамыз.
Ғылыми семинардың уақыты: 12.02.2025 ж., сағат 12.00.
Zoom идентификаторы: 864 6319 1209.
Zoom коды: 624732.
Ұйымдастыру комитеті