Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

БАСПАСӨЗ ЖАРШЫСЫ


Тарихшы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейістің 90 жылдығына орай «Нұрпейіс оқулары» аясында «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның

БАСПАСӨЗ ЖАРШЫСЫ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесіп 2025 жылдың 14 наурызында тарихшы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейістің 90 жылдығына орай «Нұрпейіс оқулары» аясында «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Конференцияның мақсаты – академик К. Нұрпейістің Отандық тарих ғылымының дамуына, Алаш қозғалысы тарихы зерттеуге қосқан үлесін, сондай-ақ оның өмір жолын көрсету. Сонымен қатар, ХХ ғасырдағы Отан тарихының өзекті мәселелерін талқылау.

Конференция жұмысының бағыттары:

– Академик Кеңес Нұрпейіс және оның Алаш қозғалысының тарихы зерттеуге қосқан үлесі;

– тарихи жад және Кеңес Нұрпейістің ғылыми мұрасы;

– ХХ ғ. Қазақстан тарихын зерттеудегі қазіргі ұстанымдар;

– кеңестік кезеңдегі ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері;

– 1920–1930 жылдардағы Қазақстандағы кеңестік модернизация;

– Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында;

– 1960–1990 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер;

– білім, ғылым және мәдениет;

– ХХ ғ. Қазақстан тарихын жоғары оқу орындарында оқытудың қазіргі ұстанымдары;

– тарихи білім отаншылдық пен азаматшылдық  тәрбиенің құралы ретінде.

Конференцияға қатысатындар: ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар.

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Гоголь көшесі 114. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Акт залы

Конференцияныңбасталуы – сағ. 10:00, қатысушыларды тіркеу – 09:30-дан.

Ұйымдастыру комитеті

Сманова Айгүл Молдалықызы +7(701)7761168

e-mail: aigulsmanova123@gmail.com