Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ПРЕСС-РЕЛИЗ


Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық Қор мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі, қызметі мен оның мемлекетке қосқан үлесін арнайтын бірегей кітаптар топтамасының таныстырылымын жариялайды. Бұл кітаптар топтамасы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің қолдауымен жарық көрді.

Кітаптар топтамасына кірген басылымдар:

 1.Монографиялар және архив құжаттары жинақтары:

«Д.А. Қонаевтың Қазақстанның әлеуметтікэкономикалық дамуына және республиканың аумақтық тұтастығын сақтауына қосқан үлесі» атты ұжымдық монографиясы.

«Д.А. Қонаев және оның дәуірі» атты архивтік құжаттар мен материалдар жинағы.

2. Ғылыми конференция материалдары:

«1960-80 жылдардағы Қазақстан: Д.А. Қонаевтың республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі» (Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары).

«Д.А. Қонаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және республиканың аумақтық тұтастығын сақтауға қосқан үлесі (сирек архивтік деректер мен замандастар естеліктері негізінде)» (Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары).

3. Атаулы энциклопедия:

«Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы: Атаулы энциклопедия».

Басылымдардың мазмұны

Ұсынылған кітаптар Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметінің негізгі аспектілерін қамтиды, оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, республиканың аумақтық тұтастығын сақтауға және Кеңес Одағы деңгейінде күрделі мәселелерді шешуге қосқан маңызды үлесін ашады. Бұл басылымдар архивтік құжаттар мен ғылыми конференция материалдарын қамтиды, олар оның тарихи контекстегі рөлін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Дата және уақыт:
20 наурыз 2025 жыл, сағат 12:00

Өтетін орны:
Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық Қор
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 99/90, Жібек Жолы көшесімен қиылысы.

Іс-шара бағдарламасы:

Жобаны іске асыру және кітап шығару туралы қысқаша бейнеролик көрсету

Жаңа басылымдардың таныстырылымы.

Сарапшылар мен кітап авторларының сөз сөйлеуі.

Д.А. Қонаевтың Қазақстанды дамытуға қосқан үлесін талқылау.

Кофе-брейк.

Іс-шараға танымал ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер, тарихшылар, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Тарату және қолжетімділік:

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 80 жылдығына орай, кітаптар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық кітапханаларға, мектептер мен Қазақстанның 20 аймағындағы ең ірі жоғары оқу орындарына таратылады.

Байланыс:
Қосымша ақпарат және аккредитация үшін Тарих және этнология институтының баспасөз қызметіне хабарласыңыз:
Телефон: 8 (707) 795-50-11
Электрондық пошта: elvira.dyusibaev@mail.ru, kazhistorypress@gmail.com

Ұйымдастыру комитеті:
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының баспасөз қызметі.