2025 жылғы 18 наурызда Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында Балкан тарихы ассоциациясының (BHA) президенті, ислам тарихын зерттеуші ғалым Михай Драгу мырзамен маңызды әрі жемісті кездесу өтті. Кездесу барысында институт пен Балкан тарихшылары ассоциациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Балкан аймағы, оның ішінде Албания, Босния және Герцеговина, Болгария, Греция, Косово, Солтүстік Македония, Сербия, Черногория, Хорватия, Словения, Румыния және Түркия (әсіресе, оның Еуропалық бөлігі — Шығыс Фракия) елдері ғалымдар мен тарихшылардың назарын ертеден аударған, және осы ынтымақтастық тереңдетілген зерттеулерге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Кездесудің негізгі қорытындылары:
- Өкілдік және ынтымақтастық:
Михай Драгу мырза Балкан елдерінде институттың өкілі болуды өзіне міндеттеді, ал ИИЭ бас директоры З.Е. Қабульдинов Қазақстан мен Орта Азияда ассоциацияның өкілі болады. - Ғылыми басылымдарға кеңес беру:Кездесу барысында біздің ғылыми журналдарымызды Scopus дерекқорына енгізу бойынша қолдау көрсету мәселелері талқыланды, бұл олардың халықаралық деңгейін арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді.
- Халықаралық ғылыми журналда мақалалар жариялау:
2025 жылдың желтоқсанында «Қазақстандағы румындардың тарихи тағдыры» тақырыбында арнайы шығарылым жарияланады, онда бірлескен зерттеулер негізінде 5-7 мақала ұсынылады.

Балкан тарихы ассоциациясы (BHA) туралы:
BHA — тәуелсіз, саяси бейтарап және қоғамдық ұйым, ол Балкан аймағын зерттеудегі көпсалалы және салыстырмалы зерттеулерді дамытуды және алға жылжытуды мақсат етеді. Ассоциация академиялық іс-шаралар (конференциялар, дәрістер) мен кең аудиторияға арналған қоғамдық кездесулер ұйымдастырады. Ассоциацияның негізгі міндеті — зерттеу саласындағы ғалымдар қауымдастығын қалыптастыру және жас ғалымдардың кәсіби дамуына көмектесу.
BHA әртүрлі тарих салаларында, соның ішінде саяси, мәдени, әскери, экономикалық, қалалық тарих, сондай-ақ діндер тарихы мен археологияда белсенді жұмыс істейді. Ассоциация сөз бостандығын қорғап, идеялар алмасуды қолдайды, Балкан халықтарын және олардың мәдени мұрасын зерттеуде ғылыми әдіснаманы насихаттайды.
Қонақтардың сыйлары:
Ынтымақтастықты нығайту және алғыс білдіру ретінде BHA өкілдері институтқа кітаптар мен соңғы Scopus журналының нөмірін сыйға тартты, ол біздің бірлескен жобамыздың маңызды бөлігі болып табылады.
Бұл іссапар Балкан тарихы, мәдениеті және археологиясын зерттеу саласында ғылыми байланыстарды тереңдету және бірлескен зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер ашу жолындағы маңызды қадам болды.
