19 наурыз 2025 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Кабылдинов және директордың орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Жеңіс Ж.Ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері және докторанттары Абдалла аль-Нойматпен (Иордания) және Мубарак аль-Кувайтимен (БАӘ) маңызды кездесу өткізді.
Кездесу барысында аталған сарапшылардың өз елдерінде Институттың өкілдері ретінде тағайындалуына келісім жасалды. Сонымен қатар, институттың ғылыми еңбектерін араб тіліне аудару, халықаралық конференциялар өткізу, бірлескен жобалар мен тарихи бағыттағы жарияланымдар туралы мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында Қазақстан мен араб елдерінің тарихшы қоғамдастықтарының жұмысы, сондай-ақ келер жылға жоспарланған іс-шаралар туралы пікір алмасылды.
Тарих және этнология институты халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен ғылыми және мәдени алмасулардың ауқымын кеңейтуді жалғастыруда.
