АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
Құрметті әріптестер!
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2025 жылғы 31 наурызында «Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдықтарындағы қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениеті: инерциялық даму, жойылу және салдар (тарихи-этнологиялық зерттеу)» атты гранттық қаржыландыру жобасының нәтижесімен таныстыру мақсатында ғылыми семинар өткізеді.
Жобаның мақсаты – Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдықтарында (1920-1930 жж.) мәдениетті дамыту, қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының, сондай-ақ кейіннен жаңа тоталитарлық режимге, жағдайларға бейімделуге мәжбүр болған мәдениеттің бұзылуы үдерісін зерттеу болып табылады.
Жобаның міндеттері:
1) Жобаның тарихи-этнологиялық мақсатын ұстана отырып, 1920-шы жылдардағы кеңес өкіметінің реформалары қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениетінің дамуын алғашқы, сақ жағдайында зерттеуін жүргізу;
2) Шаруашылық пен мәдениеттің жаңа типтері мен екпелерінің бұзылу кезеңін зерттеу (1920 ж. соңы – 1930 ж. басы);
3) Ұжымдық шаруашылық (колхоз) жүйесін отырғызғаннан кейін қазақ этносының мәжбүрлі мәдени бейімделуіне талдау жасау.
Зерттеу нәтижесінде XX ғасырдағы Қазақстан тарихы мамандарына, этнологтар және мәдениеттанушыларға, студенттерге және барлық мүдделі адамдарға арналған «Алғашқы кеңестік онжылдықтар кезіндегі дәстүрлі жүйесінің тарихы бойынша очерк» (Алматы: LEM, 2022. – 455 бет, илл. (орыс тілінде) атты ұжымдық монография жарияланды. Және жоба бойынша 8 мақала жарық көрді. Олардан: Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларымен индекстелген рецензияланған ғылыми басылымда, нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік басылымда 1 мақала, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланған отандық басылымда 4 мақала жарық көрді.
Ғалымдарды, мамандарды, докторанттар мен магистранттарды, студенттерді «Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдықтарындағы қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениеті: инерциялық даму, жойылу және салдар (тарихи-этнологиялық зерттеу)» атты жобасын зерттеу нәтижесімен толығырақ танысу үшін ғылыми семинарға қатысып пікір білдіруге шақырамыз.
Ғылыми семинардың уақыты: 31.03.2025 ж., сағат 12.00.
Zoom идентификаторы: 89550955657.
Zoom коды: 262819.
Ұйымдастыру комитеті