ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі 2025 жылдың 11 сәуірінде «Жас ғалымдар және қазіргі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері мен жаңа бағыттары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Жас ғалымдардың тарих ғылымын зерттеуде жаңа бағыттар арқылы жаңаша көзқарас қалыптастырудағы үлестерін және де тарих ғылымының өзекті мәселелерін зерттеуде орны мен рөлін талқылау. Тәуелсіздік жылдары отандық тарих ғылымындағы жаңа бағыттар әлі жан-жақты зерттеле қойған жоқ. Сондықтан қазіргі кездегі тарих ғылымындағы күнделікті өмір тарихы, айтылған тарих, микро тарих және гендерлік тарих, интеллектуалды тарих және т.б. бағыттарына зерттеулер жүргізуге ат салысу, оны отандық тарихты зерттеуде пайдалану қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында Отандық тарих ғылымының дамуында, жалпы тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуінде жас ғалымдардың орны мен рөлі, қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері мен жаңа бағыттары қарастырылады.
Дөңгелек үстел офлайн және онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі:
Өткізу форматы: Zoom платформасындағы онлайн режим (Идентификатор конференции: 813 9843 4644
Код доступа: 925094).
Өткізілетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко к-сі 28
Дөңгелек үстелдіңбасталуы – сағ. 11:00
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:тел.: +7 (727) 261-67-19, +7 700 795 05 25 – Күнбек Нұртайұлы.
Е-mail: kunbek.nurtaiuly@gmail.com
Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысу үшін өтінімдеріңізді 2025 жылдың 10-сәуіріне дейін мына эл. пошталарға жіберулеріңізді өтінеміз:
е-mail.: kazhistory@bk.ru; kunbek.nurtaiuly@gmail.com
Дөңгелек үстелге қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші ұйымның есебінен.
ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ
Аты-жөні (толық)
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):
Жұмыс орны, ұйымның толық атауы:
Қызметі:
Байланыс телефондары, е-mail.::
Баяндаманың атауы:
Құрметпен, жас ғалымдар комитеті