Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2025 жылғы 14 сәуірде «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландырунәтижелерімен таныстыру мақсатында ғылыми семинар өткізеді. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде Дүниежүзілік тарих мәнмәтінінде қазақ халқының көпғасырлық тарихы туралы объективті білімді қалыптастыру үшін жаңа тұжырымдамалық тәсілдер тұрғысынан шетелдік қауымдастық үшін ғылыми-көпшілік сипаттағы Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу.
Бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілді және келесі іс-шараларды қамтыды:
– Қазақстан тарихы бойынша елде және шетелде жарияланған ғылыми және ғылыми-танымал әдебиеттер жинақталып, талданды. Атап айтқанда, жұмыс Орталық ғылыми кітапханада (Алматы қ.), ҚР Ұлттық кітапханасында (Алматы қ.), ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қ.), сондай-ақ шет мемлекеттердің кітапханаларында: Ресей Ұлттық кітапханасында (Санкт-Петербург қ., РФ), Ресей мемлекеттік кітапханасында (Мәскеу қ., РФ), Әлішер Навои атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында (Ташкент қ., РУ). Аталған жұмыс барысында отандық кітапханаларда нақты бөлімдерді жазу үшін үзінді көшірмелер жасалды, сондай-ақ жиынтығында 300-ден астам ғылыми әдебиеттер мен жарияланған дереккөздерден тұратын Қазақстанның қысқаша тарихына арналған әдебиеттердің библиографиялық тізімдері жасалды. Шетелдік кітапханаларда негізінен революцияға дейінгі сирек басылымдардан 2727 парақты фотофиксациялау арқылы көшірілді;
– Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу тұжырымдамасы және авторлар мен сарапшылар үшін әдістемелік құжаттар (ережелер мен ұсынымдар) әзірленді;
– осыған ұқсас басылымдарды шығару бойынша халықаралық тәжірибе зерттелді (Роберт В.Риминидің «АҚШ-тың қысқаша тарихы» (2009), Саймон Дженкинстің «Англияның қысқаша тарихы» (2011), Андре Моруаның «Франция тарихы» (2007), «Германияның қысқаша тарихы» (2017), «Рюриктен Путинге дейінгі Ресей тарихы. Адамдар. Оқиғалар. Даталары» (Е.В. Анисимова) және басылымның тұжырымдамасы мен құрылымы туралы жетекші тарихшылардың сараптамалық пікірлері алынды;
– Астана қаласына және шетелге ғылыми іссапарлар жүзеге асырылды, оның қорытындысы бойынша Қазақстан тарихы бойынша архивтік құжаттар Астана қ. Мемлекеттік архивінде, РМТА (Санкт-Петербург, РФ), ЕАРМА (Мәскеу қ.), Омбы облысының тарихи архивінде, Орынбор облысының біріккен мемлекеттік архивінде барлығы 5000 п. жуық анықталды және көшірілді;
– келесі іс-шаралар өткізілді: «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның қысқаша тарихы» (шетелдік аудитория үшін) басылымын әзірлеу әдістемесі, қағидаттары және жобаны іске асыру тетігі» тақырыбында әдістемелік дөңгелек үстел (Алматы қ., 2021 ж. 22 шілде); Қ.-Ж.Қ. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын тәжірибелік іске асыру шеңберінде «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің өзектілігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы; Қ.-Ж.Қ. Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласын тәжірибелік жүзеге асыру шеңберінде «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихының негізгі қорытындылары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қ., 2022 ж. 29 қыркүйек), «Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінге дейінгі қысқаша тарихы (шетелдік аудитория үшін)” кітабы макетінің тұсаукесері» отандық және шетелдік дипломаттардың алдында, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Мемлекет тарихы институтымен (Астана қ.) бірлесіп ұйымдастырылды;
– конференция материалдарының 2 жинағы дайындалып, 22 б. т. жарық көрді;
– Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында кемінде 35 (отыз бес) – 4 citescore бойынша процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда; Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған рецензияланатын отандық басылымдарда (БҒССҚК) – 15, шетелдік рейтингтік журналдарда (РИНЦ) – 4, республикалық журналдарда – 5, БАҚ-та – 25, конференция материалдарының жинақтарында – 90. Баяндамалар жасау – 14.
Ғалымдарды, мамандарды, докторанттар мен магистранттарды, студенттерді «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландырунәтижелерімен толығырақ танысу үшін ғылыми семинарға қатысып пікір білдіруге шақырамыз.
Ғылыми семинардың уақыты: 14.04.2025 ж., сағат 12.00.
Zoom идентификаторы: 822 9333 6057.
Zoom коды: 089706.