Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесінің «Жас ғалымдар және қазіргі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері мен жаңа бағыттары» атты дөңгелек үстелінің қорытындысы.


2025 жылдың 11 сәуірінде ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі «Жас ғалымдар және қазіргі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері мен жаңа бағыттары» атты дөңгелек үстелді табысты өткізді.

Іс-шара гибридті форматта өтті, қатысушылар институт қабырғасында (Алматы қ., Шевченко к-сі, 28) офлайн және Zoom платформасында онлайн режимде бас қосты. Дөңгелек үстел жас зерттеушілер, оқытушылар және тарих саласының мамандары арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Іс-шараның мақсаты жас ғалымдардың тарих ғылымын дамытуға, жаңа бағыттарды зерттеу арқылы жаңа көзқарастар қалыптастыруға қосқан үлесін, сондай-ақ олардың отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеудегі рөлі мен орнын талқылау болды.

Қызу пікірталас барысында келесі негізгі мәселелер қозғалды:

  • Тарихи зерттеулердегі жаңа методологиялық тәсілдер (күнделікті өмір тарихы, ауызша тарих, микротарих, гендерлік тарих, интеллектуалдық тарих және т.б.).
  • Тәуелсіздік кезеңіндегі отандық тарихты зерттеудің өзекті проблемалары.
  • Қазақстанның тарихи өткеніне жаңа көзқарастар қалыптастырудағы жас ғалымдардың рөлі.
  • Тарихи ғылымдарда заманауи зерттеу әдістері мен технологияларын пайдалану перспективалары.

Жас ғалымдар өз баяндамаларын оқып, зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті, бұл қатысушылар арасында қызығушылық тудырған талқылауға әкелді. Дөңгелек үстел барысында баяндамашылардың жоғары дайындық деңгейі мен көтерілген тақырыптардың өзектілігі атап өтілді.

Ұйымдастыру комитеті дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысқан барлық қатысушыларға, мазмұнды баяндамалары мен жемісті пікірталастары үшін алғысын білдіреді. Болған пікір алмасу тарих ғылымы саласындағы жас зерттеушілердің одан әрі дамуына ықпал етіп, жаңа тәсілдер мен методологияларды қолдана отырып, отандық тарихтың өзекті мәселелерін зерттеуді ынталандырады деп сенеміз.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі