Іс-шара мақсаты – бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында жүргізілген ғылыми жобаның нәтижелерімен таныстыру болды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылды және оның басты мақсаты – дүниежүзілік тарих аясында қазақ халқының көпғасырлық тарихына қатысты объективті білім қалыптастыруға бағытталған, шетелдік аудиторияға арналған ғылыми-көпшілік сипаттағы Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу.

Семинар барысында төмендегі нәтижелер ұсынылды:
- Қазақстан тарихына қатысты елде және шетелде жарияланған ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер жинақталып, талданды (300-ден астам атау). Сирек кездесетін революцияға дейінгі басылымдардан 2727 парақ фотофиксация арқылы көшірілді;
- Жобаның тұжырымдамасы мен авторлар мен сарапшыларға арналған әдістемелік құжаттар әзірленді;
- Халықаралық тәжірибе зерттеліп, жетекші тарихшылардың сараптамалық пікірлері алынды;
- Астана және шет ел архивтеріне ғылыми іссапарлар ұйымдастырылып, 5000-ға жуық парақ архивтік құжаттар анықталды және көшірілді;
- Бірқатар ғылыми іс-шаралар өткізілді: әдістемелік дөңгелек үстел, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, сондай-ақ кітап макетінің тұсаукесері;
- Конференция материалдарының 2 жинағы жарық көрді (22 б.т.);
- Жобаның нәтижелері бойынша 100-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар жарияланды, оның ішінде:
- Web of Science және Scopus базаларында – 4 мақала;
- БҒССҚК ұсынған отандық басылымдарда – 15;
- Шетелдік рейтингтік журналдарда – 4;
- Республикалық журналдарда – 5;
- БАҚ-та – 25;
- Конференциялар жинақтарында – 90;
- Жобаның нәтижелері бойынша 14 баяндама жасалды.
Семинарға ғалымдар, сарапшылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер белсенді қатысып, жобаның мазмұны, құрылымы және болашақтағы ғылыми-көпшілік басылымның бағыты бойынша пікір алмасты.
