«ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қалалары әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде: этно-демографиялық және әлеуметтік-мәдени даму» әдіснамалық семинары


2025 ж. 16 сәуір Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қалалары әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде: этно-демографиялық және әлеуметтік-мәдени даму» ғылыми жобасының ұжым мүшелері ғылыми-зерттеу қызметінің аралық қорытындыларын шығарумен әдіснамалық семинар өткізді. Зерттеу қызметінің нәтижелері туралы А.Т. Абдуллина, А.И. Құдайбергенова, А.С. Уалтаева, К.В. Черепанов, Т. Ә. Әпендиев, Г.А. Омарова, А.С. Марғұлан баяндама жасады. Сондай-ақ, «Ұжымдастыру кезеңінде Солтүстік Қазақстандағы жергілікті билік органдарының қызметі бойынша дереккөздерді іздеу және жинау әдістемесі» атты баяндамамен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің докторанты Ш.Т. Бектасов сөз сөйледі. Семинар мүдделі достық және нәтижелі жағдайда өтті, пікір алмасумен және жұмысты қорытындылаумен аяқталды.