2025 жылғы 14 мамырда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақ тарихын зерттеу контексіндегі отарлау: ұғымы, мазмұны, интерпретациялары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Іс-шара жеті томдық «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық басылымын әзірлеу аясында ұйымдастырылды.
Семинар модераторы — тарих ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер Ержан Мұратұлы Торайғыров.
Келесі ғалымдар баяндама жасады:
- Мамытова Сәуле Насенқызы (т.ғ.д., профессор, Astana IT University) — «XIX–XX ғасырлар тоғысындағы Қазақстан — Ресей империясының отары».
- Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы (ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор, Институттың бас директоры) — «Отарлау ұғымы мен мазмұны және оның Қазақстан тарихындағы орны».
- Васильев Дмитрий Валентинович (т.ғ.д., профессор, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті) — «XVIII–XIX ғасырлардағы Қазақ даласындағы Ресей ықпалы: отарлық басқарудан әкімшілік ассимиляцияға дейін».
- Дэниел Скарборо (PhD, Назарбаев университеті) — «Орта Азиядағы православие әулие жерлері».
- Джумашев Асқар Мамбетұлы (т.ғ.д., Қарақалпақстан гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі) — «Амударияның төменгі ағысында мекендеген халықтар тарихы арқылы Ресейдің отарлау саясаты».
Семинар Zoom платформасында онлайн форматта өтті. Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан тарихшылар мен зерттеушілер қатысты. Баяндамалардан кейін мазмұнды пікірталас ұйымдастырылды.

