Түркістан қаласында «Ясауи мұрасы дәуірлер мен мәдениеттер сұхбатында: гуманистік бағдарлар мен сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өтті


2025 жылғы 14–16 мамыр аралығында Түркістан қаласында «Ясауи мұрасы дәуірлер мен мәдениеттер сұхбатында: гуманистік бағдарлар мен сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырды.

Симпозиумды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ашты. Оған 20-дан астам елден келген 100-ден астам ғалым қатысты. Олар тарих, философия, фольклортану, дінтану, саясаттану, өнертану және қалпына келтіру салаларында қызмет ететін мамандар. Шара барысында Хожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу мен насихаттаудың өзекті мәселелері талқыланды. Ясауи ілімін қазіргі Қазақстанның ұлттық идеологиясы мен рухани өміріне кіріктіру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Симпозиум қорытындысы бойынша бұл шараны екі жылда бір рет тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл ғылыми зерттеулерді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.