Іс-шара 2025 жылғы 16 мамырда Астана қаласында өтті.
Іс-шара бағдарламасы мыналарды қамтыды:
• 08:00-09:00 – С. Садуақасұлы бейітіне зиярат ету және «Жастар» шағын ауданы, «Қараөткел» қорымында ағаш көшеттерін егу.
• 10:00-13:00 – Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты, Президент аудиториясында өткен конференцияның пленарлық мәжілісі.
• 13:00-14:30 – Түскі үзіліс, оның ішінде «Тұран» мейрамханасында С. Садуақасұлы мен Алаш қайраткерлері рухына бағышталған ас болды.
• 15:00-16:30 – Мәскеуде 77 жыл сақталған С. Садуақасұлының сүйек-күлі тұрған гранит-қобдишаны Ұлттық музейге тапсыру рәсімі.
• 17:30-18:30 – Астана қаласы С. Садуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясында өткен «Біртуар тұлғаның елдік аманаты» атты кездесу шарасы.
Конференция Смағұл Садуақасұлының мемлекеттік, тарихи, журналистік, экономикалық және әдеби қызметінің аспектілерін талқылауға арналған маңызды алаң болды. Осы маңызды іс-шараны сәтті өткізуге қосқан үлесі үшін барлық баяндамашыларға, қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.


