АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Құрметті әріптестер!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2025 жылғы 23 мамырда «Іргелес елдер тарихын зерттеудің бүгінгі және алдағы өзекті мәселелері» атты ғылыми семинар өткізеді. Ғылыми семинардың мақсаты – іргелес мемлекеттермен арадағы ортақ тарихымызды деректер негізінде ашып көрсетуде бүгінгі және алдағы өзекті мәселелерді анықтау.

Қазақстанмен іргелес елдердің мыңдаған жылдарға созылған тарихы көп жағдайда бір-бірімен тығыз байланыста болып келеді. Соның ішінде Ұлы даланы мекен еткен көшпенділердің ортақ этномәдени, этносаяси тарихының тамыры өте ертеден бастау алады. Мұндай ортақ тарихты көне дәуірдегі, орта ғасыр мен соңғы тарихи кезеңдерді зерттеуге қажетті деректер кешені дәлелдей алады. Осы тұрғыдан алып айтқанда іргелес елдердің тарихын зерттеу еліміздің төл тарихын тереңдей зерттеуде маңызды саналады.

Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бері іргелес елдермен арадағы түрлі байланыстар арта түсті. Бұл Қазақстан өз көршілерінің тарихы мен мәдениетін, қазіргі ахуалын басқа тұрғыдан тану талабын қойды. Осы талаптарға сәйкес біраз жұмыстар атқарылды. Деректер жинағы, зерттеу еңбектері жарық көрді.  Семинар іргелес елдер тарихын зерттеуде шығыс деректерін игерудің құнды тұстары мен ондағы сақталған кемшіліктерге де тоқталады.

Ғалымдарды, мамандарды, докторанттар мен магистранттарды, студенттерді «Іргелес елдер тарихын зерттеудің бүгінгі және алдағы өзекті мәселелері» атты ғылыми семинарға қатысып пікір білдіруге шақырамыз.

Ғылыми семинардың уақыты: 23.05.2025 ж., сағат 12.00.

Zoom идентификаторы: 831 1210 3603.

Zoom коды: 215858.

Ұйымдастыру комитеті