2025 жылғы 28 мамыр –Алматы қаласында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан ашаршылық пен жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде. 1931-1938» атты маңызды халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Польшаның жетекші тарихшылары мен зерттеушілерін біріктірді.
Дөңгелек үстел офлайн және онлайн форматтарда өткізіліп, қатысушыларға тақырып бойынша терең талқылауларға қосылуға мүмкіндік берді. Модераторлар ретінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі Бас директор орынбасары Шамек Тілеубаев және ХХ ғасыр Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі Константин Черепанов сөз сөйледі.
Іс-шараның ашылу салтанатында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры, академик Зиябек Қабылдинов құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін кезеңінің алуан түрлі аспектілеріне қатысты көптеген баяндамалар ұсынылды. Олардың ішінде ГУЛАГ лагерлеріндегі балалар контингенті, Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталуы, ашаршылық тарихының дереккөздері ретіндегі естеліктер, ирандықтарға қатысты репрессиялар, кулактардың қуғын-сүргінге ұшырауы, НКВД-ның ұлттық операцияларының қорытындылары, Қырғыз КСР-дағы саяси қуғын-сүргіннің ерекшеліктері, Польша Ғылым академиясының Халықаралық қатынастар бюросының директоры, Қазақстанға ресми сапармен келген Анна Платер-Зиберктің Сталиндік репрессиялар кезіндегі поляктардың жағдайы туралы баяндамасы, академик М.К. Қозыбаевтың зерттеулеріне қосқан үлесі, депортацияланған халықтардың арнайы қоныстандыру жүйесін жою, Е.Г. Брусиловский мен Ю.О. Домбровскийдің естеліктеріндегі репрессиялар мен ашаршылық, 1930 жылдардағы қазақ ауылының өмірі мен тұрмысы, сондай-ақ қазақ зиялыларына қарсы идеологиялық қуғын-сүргін мәселелері қамтылды.
Прениялар кезінде Қазақстанның жетекші ғалымдары Балтабаева Күлғазира Нұранқызы, Борбасов Сайын Молдағалиұлы және Рыскулов Тимур Азизбекович өз пікірлерімен бөлісті.
Талқылаулардың соңында қатысушылар арасында нәтижелі пікір алмасу өтті.



