АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Құрметті әріптестер!

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты республикадағы ең көне ғылыми мекемелердің бірі болып табылады. Биыл институт өзінің 80 жылдық мерейтойын, сондай-ақ қазақ халқының ұлы ғалымы Ш.Ш. Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуын атап өтеді. Институт сындарлы жолдардан өтті және бүгінде ол түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оларды мақсатты қаржыландыру бағдарламалары мен Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым Комитетінің гранттық жобалары шеңберінде іске асыра отырып, қазақстандық ғылымның дамуына зор үлес қосуды жалғастыруда. Институт үлкен белестерді бағындыра отырып бүгінде ол Қазақстан ғылымының дамуына, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оларды мақсатты қаржыландыру бағдарламалары мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің жобалары аясында жүзеге асыра отырып, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге өз үлесін қосуды жалғастыруда.

2025 жылдың 5 қыркүйегінде сағ. 11.00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты AR23488712 «Тәуелсіз Қазақстанның шағын және моноқалаларының күнделікті өмірі (Шығыс өңірі мысалында)» атты гранттық қаржыландыру аясындағы ғылыми жобаны орындау барысында «Тәуелсіз Қазақстанның шағын және моноқалаларының күнделікті өмірі: мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Орасан зор ғылыми-өндірістік әлеуетке ие қалалар Қазақстан Республикасының инновациялық, технологиялық, мәдени байланыстарының орталықтары болып табылады. Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен елдің келбеті осы әлеуетті тиімді пайдалануға, қалаларды дамытудың стратегиясы мен бағыттарын дұрыс анықтауға байланысты.

Қазақстан Республикасының қалаларына пайда болу, өсу, гүлдену кезеңдерін және белгілі бір тоқырау кезеңдерін қамтитын бірегей қалыптасу тарихы тән. Бұл процестер бүкіл республиканың дамуын ретроспективті тұрғыда көрсетіп, бүкіл елдегі әлеуметтік-экономикалық құлдырау мен өрлеудің әсерін бақылауға мүмкіндік береді. Шағын және моноқалалардың өткен тарихын зерттеу, қазіргі әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуын қарастыру отандық ғалымдардың зерттеулеріндегі маңызды бағыт болып табылады.

Әрбір шағын және моноқалалар тұрғындарының күнделікті өмірінің нақты спектрі мен ырғақтығымен, географиялық орналасу ерекшеліктерімен және экономикалық мамандануымен, өсу мүмкіндіктерімен сипатталады. Олар өздерінің шығу тегінің бірегейлігі мен жалпы қалалық даму ерекшеліктерінің заңдылықтарын біріктіреді, сонымен қатар өзіндік ұлттық және мәдени келбеті сақталады. Мұның бәрі тәуелсіз Қазақстан қалаларының тарихы, экономикасы мен мәдениетінің әртүрлі қырларын зерттеуді еліміздің ғылыми қоғамдастығының өзекті бағыттарының біріне айналдырып отыр. Қазақстан қалалары көптеген экономикалық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік-демографиялық проблемаларды шешу үстінде, соған орай тарихшы ғалымдар, экономистер, демографтар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылар тарапынан жаңа зерттеулерді жалғастыруды талап етеді.

Ел басшылығы қалалардағы мәселелерді шешу үшін депрессияға ұшыраған қалаларды іріктеп, таңдап алу саясатымен ұштастыра отырып, өздерінің экономикалық мүмкіндіктерін жандандыру арқылы қалаларды тұрақты өзін-өзі дамытатын әкімшілік бірліктерге айналдыру мақсатында олардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына жағдай жасауға тырысуда. Бұл мәселелерді зерттеуге және шешуге ел ғалымдары да өз үлестерін қосуы керек.  Қазіргі заманғы зерттеулер тарихи процестер барысында қалыптасқан моно және шағын қалалардың әлеуетін бағалауға, сондай-ақ өңірлік және мемлекеттік басқару үшін басым міндеттерді қалыптастыра отырып, олардың ел шеңберінде одан әрі даму мүмкіндіктерін айқындауға көмектесуі тиіс.

Осыған байланысты конференцияда қазіргі заманғы проблемалар кешені, сондай-ақ әртүрлі сала ғалымдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы, қалаларды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері қаралып, сондай-ақ инновациялық идеялар, жалпы урбанизацияның жетістіктері мен мүмкіндіктерін талқылау жоспарланады.

Институт ұйымдастырған конференция көптеген мәселелерді қамтиды. Конференцияның келесі жұмыс бағыттары ұсынылады:

– Қазіргі заманғы зерттеулердегі қалаларды дамытудың өзекті мәселелері;

– Қалаларды дамыту және оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар;

– Қазақстандағы және шетелдегі демографиялық және урабанизациялық процестер;

– Қазақстанның шағын және моноқалаларының даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.

Конференцияға қатысу үшін қатысуға өтінім мен баяндамаларды 01.09.2025 жылға дейін мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: aida.1@mail.ru (өтінім нысаны қоса беріледі).

Конференцияға ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Сіздердің белсенді қатысуларыңызды күтеміз және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысының басталуы: сағ.11:00

Жұмыс форматы: бағдарлама негізінде онлайн-конференция Zoom: https://us02web.zoom.us/j/84840361323?pwd=IN2uBx7PyZM0LtHLw8eXJwca1RNvmg.1

Конференция идентификаторы: 848 4036 1323

Кіру коды: 727901

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28.

Байланыс үшін: Марғұлан Аида Серікқызы, тел.: +7 747 757 8899

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

Тегі, Аты, Әкесінің аты 
Бірлескен авторлар (егер бар болса) 
Жұмыс орны 
Лауазымы 
Ғылыми дәрежесі, атағы 
Байланыс телефондары 
E-mail 
Қатысу нысаны (онлайн, офлайн) 
Секция 
Баяндама тақырыбы (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)   

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті