ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Құрметті әріптестер!
2025 жылдың 24 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті ғалым, саяхатшы әрі этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан Уәлихановтың мұрасы және Орталық Азия тарихы мен этнологиясын зерттеудегі заманауи ұстанымдар» атты I Халықаралық ғылыми форум өткізеді.
Форум мақсаты – Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеу және тарату, сонымен қатар Орталық Азия тарихы мен этнологиясы саласындағы жаңа зерттеулерге қолдау білдіру.
Шоқан Уәлиханов – Орталық Азия тарихы мен этнологиясындағы белгілі тұлға. Оның аймақ халықтарының мәдениеті, тарихы және этнографиясы жайлы еңбектері бүгінгі зерттеушілер үшін өзектілігін жоймақ емес.
2025 жылдан бастап, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бұл ғылыми форумды жыл сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр. Қазақстың ұлы ғалымы, фольклорист, географ, саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған форум таяу және алыс шетелдердегі тарих және этнология зерттеушілері арасындағы ғылыми қауымдастықты нығайтуға және өзара білім алмасуға шақырады. Іс-шара заманауи ұстанымдарды талқылау үшін, тәжірибе алмасу үшін, сонымен қатар Орталық Азия аймағының өзекті мәселелеріне бағытталған зерттелердің болашақ бағдарларын айшықтау үшін беделді платформаға айналады.
Ұсынылып отырған формат Шоқан Уәлихановтың ғылым мен мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесін, содай-ақ тарихи және этнографиялық зерттеулерін кеңінен қарастыра отырып, мұраларын таратуға әсер етеді.
Форум жұмысы келесі секцияларға бөлінеді:
- Секция 1. Шоқантану. Шоқан Уәлихановтың тарихи мұрасы.
- Секция 2. Этнология және ескерткіштану.
- Секция 3. Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының тарихы мен этномәдениетін зерттеудегі жаңа ұстанымдар.
- Секция 4. Түркітану және шығыстану.
Бұл іс-шара білім, идея және тәжірибе алмасу алаңына айналып, Шоқан Уәлихановтың мұралары мен оның ғылымға қосқан үлесі түсінігін тереңдете түсері анық. «Ғылыми форум баяндамаларының жинағы» дайындалады.
Қатысу үшін өтінім мен баяндаманы 2025 жылдың 15 қыркүйегіне келесі поштаға жіберу керек: galia8.09@mail.ru, arepovaanar@mail.ru (өтінім формасы қосымшада беріледі).
Конференцияға ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар шақырылады.
Сіздің қатысуыңызды күтеміз және бірге жемісті еңбек боларына сенеміз!
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысының басталуы: 11:00.
Жұмыс форматы: офлайн / онлайн
Zoom платформасына онлайн қосылу үшін сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/83744164088?pwd=L3aOGan7uZZvbVb2UT9OPERKAK2QVE.1
Идентификатор: 837 4416 4088
Пароль: 123456
Ұйымдастыру комитетінің байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Конференц-зал. 2-қабат.
Байланыс үшін: +7 705 100 37 27 Арепова Анар Дүйсенбайқызы
Мақалаларды рәсімдеу талаптары:
Мақалаларды рәсімдеген кезде келесі талаптарды сақтау қажет: көлемі электронды нұсқада 10 беттен аспауы тиіс. Қаріп — Times New Roman, кегль – 14; жоларалық интервал – 1; мәтінді ені бойынша туралау; абзацтық шегініс – 1 см; бет бағыты – тік; жоғары және төменгі өрістер – 2,0 см, сол жағы – 3,0 см, оң жағы – 1,0 см.
Тақырыпты рәсімдеу (бас әріптермен, жуан қаріппен, жол ортасына туралау): МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ; келесі жолда (қаріп – жуан курсив, оң жақ шетіне туралау): автордың толық аты-жөні; одан кейінгі жолда (қаріп – курсив, оң жақ шетіне туралау): ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны, қала; тағы келесі жолда (қаріп – курсив, оң жақ шетіне туралау): байланыс үшін e-mail; бір жолдан кейін — мақаланың мәтіні. Мәтін ішіндегі сілтемелер әдебиеттер тізіміндегі тиісті дереккөзге шаршы жақша ішіндегі араб цифрларымен берілуі тиіс, мысалы: [1, 277-б.]. Автоматты түрде берілетін бет асты сілтемелерді қолдануға болмайды.
Мақала соңында аннотация берілуі тиіс: мақала орыс тілінде болса – қазақ және ағылшын тілдерінде; мақала қазақ тілінде болса – орыс және ағылшын тілдерінде.
Мақалаға автор туралы толық ақпарат қоса берілуі тиіс: тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны мен лауазымы, қаласы, елі, сондай-ақ пошта және электронды мекенжайлары мен байланыс телефондары.
- Ұсынылған мәтіннің орфографиялық, пунктуациялық және силистикалық қателерін жөндеулеріңізді сұраймыз.
Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа қатысты және рәсімдеуге сәйкес мақалаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҮЛГІСІ
Тегі, аты, әкесінің аты | |
Авторлар (егер бар болса) | |
Жұмыс орны | |
Қызметі | |
Ғылыми дәрежесі, атағы | |
Байланыс телефондары | |
Қатысу формасы (онлайн, офлайн) | |
Секциясы | |
Баяндама тақырыбы (қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде) |
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті