Ынтымақтастыққа шақыру: Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми журналдарында жариялау және рецензиялау


Құрметті әріптестер!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты халықаралық ғылыми және цифрлық кеңістікке белсенді түрде кіруге ұмтылады. Осы жұмыс аясында біздің ғылыми басылымдарымыз халықаралық реферативтік Scopus дерекқорына енгізуге дайындықта.

Осыған байланысты журналдар редакциялары: 🔹 Asian Journal “Steppe Panorama” (бұрын Edu.E-history.kz) 🔹 “Отан тарихы” / “Отечественная история” / “History of the Homeland

шет елдік зерттеушілерді ғылыми жарияланымдардың авторлары және тәуелсіз рецензенттер ретінде ынтымақтастыққа шақырады.

Журналдар ұсынады:

  • Қазақстандық академиялық қауымдастықпен ғылыми диалог үшін ашық алаң;
  • Ғылыми нәтижелерді жаһандық цифрлық кеңістікте тарату мүмкіндігі;
  • Мақалаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жариялау;
  • Шет елдік авторлар үшін жарияланым тегін;
  • Тарих, археология, этнология және гуманитарлық пәндер саласындағы ғылыми аудиторияға қолжетімділік.

Жарияланымдардың тақырыбы:

  • Жалпы тарих
  • Қазақстан және Орталық Азия тарихы
  • Деректану және тарихнама
  • Археология
  • Этнология
  • Антропология

Журналдардың мақсаты — академиялық алмасуды дамыту, жаңа әдіснамалық тәсілдерді ілгерілету және гуманитарлық саладағы заманауи зерттеулерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету.

📅 Шығару мерзімділігі:

  • Asian Journal “Steppe Panorama” — жылына 6 рет (электронды формат)
  • “Отан тарихы” — мерзімділігі сайтта нақтыланады

📩 Байланыс және сілтемелер:

🏢 Журналдар редакциялары: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» ШЖҚ РМК

📞 Тел.: +7 (727) 261-67-19, +7 (727) 272-47-59

Сіздің қатысуыңызға және жемісті ынтымақтастығыңызға қуаныштымыз!