ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ   МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2025 жылдың 16 қыркүйегінде «Абылай, Уәли және Бөкей хандардың мемлекеттік қызметі: тың тарихи деректер және ғылыми интерпретациялар мәселесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Конференция мақсаты – Абылай, Уәли және Бөкей хандардың өмірі мен мемлекеттік қызметін жан-жақты зерттеу, олардың саяси, әлеуметтік және дипломатиялық қызметіндегі ерекшеліктерді айқындау. Сонымен қатар, Қазақ хандығы билеушілерінің қызметіне қатысты жаңа архивтік деректер мен тарихи құжаттарды ғылыми айналымға енгізу, оларды талдау.

Конференцияға отандық және алыс, жақын шет елдерден осы мәселелерді бойынша зерттейтін тарихшы, әлеуметтанушы, саясаттанушы, философия және т.б. мамандар қатысады деп күтілуде.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Абылай, Уәли және Бөкей хандар тарихының өзекті мәселелері
  •  Қазақ хандығы тарихына қатысты жаңа деректерді зерделеу;
  • Абылай, Уәли және Бөкей хандар дәуіріндегі қазақ  сұлтандары, батырлары мен билері туралы жаңа көзқарастар мен ұстанымдар;
  • Тарихи деректердің ғылыми интерпретациясы – деректанулық және методологиялық мәселелерге қатысты жаңа көзқарастар;
  • Қазақ хандығының көрші елдермен байланысы: cаяси және сауда қатынастары.
  • Тарихи деректерді ғылыми интерпретациялау және зерттеудің жаңа аспектілері.

Конференцияға қатысуға тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады

Мекен-жайы: 050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28. (Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты)

Басқа қалалардағы баяндамашылар конференцияға сырытай қатысуына болады. Конференция жинағын PDF форматында шығару және электрондық поштаға жіберу қарастырылған.

Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарының PDF форматтағы жинағын конференцияға дейін шығаруды жоспарлап отыр. Конференция бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына қатысушының тіркеу формасын ұсыну қажет (қосымшаны қараңыз).  Жариялауға мұқият тексерілген және редакцияланған мәтіндер қабылданады.

Конференцияның баяндама тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

Конференция жұмысының басталуы: 11:00.

Жұмыс форматы: офлайн / онлайн

Zoom платформасына онлайн қосылу үшін сілтеме:

https://us02web.zoom.us/j/89356438935?pwd=owkRG6VdIZuCn7al85wtYpLHpbyVWu.1

Идентификатор: 893 5643 8935

Пароль: 696842

Қатысу шарттары

Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар қатаң түрде мынадай талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 5 б. кем емес және 16 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файлдың аты және JPEG форматындағы суреттердің жеке файлдары автордың тегімен аталуы тиіс.

1. Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және Windows ортасында терілуі керек.

2. Беттер пішімі: А4.

3. Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.

4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық интервал – бір.

6. Қызыл жол шегінісі: 1,0 см.

7. Ортасында кіші әріптермен (қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні, .

8. Төменде: автор мен оның ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда), лауазымы жұмыс істейтін мекеменің толық атауы берілген.

9. Автордың аты-жөнінен төмен ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРПІМЕН) баяндаманың атауы көрсетіледі.

10. Азат жол мен бір интервалдан кейін тікелей баяндама (мақала) материалы болады.

11. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] немесе [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек. [1, с. 2] – орыс тілінде терілген мәтін үшін, [1, 2-б.] – қазақ тілінде терілген мәтін үшін, [1, р. 2] – ағылшын тілінде терілген мәтін үшін, [1, 2] – қытай тілінде терілген мәтін үшін қолданылады. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі тиіс.

12. Кестелер, сызбалар, суреттер атауларымен болуы және Microsoft Windows ортасында, яғни стандартты офис бағдарламаларын (мысалы, Microsoft Word) пайдалана отырып, Windows-пен үйлесімді шрифттер мен кодировкаларды қолдану арқылы терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контраст пен кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа ие болуы тиіс. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы тиіс. Кестелер көрнекі болып, олардың атауы, сериялық нөмірлері болуы керек. Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жерге қойылады.

13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).

14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен рәсімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕ бөліміне жатқызылып, жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтінде жол сілтемелерін қоюға болмайды

15. Белгілерді біріздендіру: тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т. б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (шыңдаусыз), немесе XV ғ. соны – XVI ғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.

16. Табуляция жасауға, сөздерді сиректетіп теруге, автоматты режимде орындалатын командаларды қолдануға, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

17. Файлдың атауы автордың тегімен аталады (мәтіндік файлдар үшін – Омаров_өтініш.doc, Омаров_мақала.doc; иллюстрациялар үшін – Омаров_сурет 1.jpeg).

Редакциялық алқа рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы (төмеңде үлгіні қараңыз).

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Аты-жөні лауазымы т.ғ.к. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты(жұмыс орыны)   АБЫЛАЙ ХЫННЫҢ ЦИНМЕН БАЙЛАНЫСЫ   Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні   Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 1 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17. 2  …..

Тіркеу нысаны және баяндама (мақала) материалдары2025 жылдың 12 қыркүйегінен кешіктірілмей қабылданады.

Іс-сапар шығындары

Жол жүруге және тұруға байланысты шығындар іссапарға жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Баяндамаларды келесі мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

E-mail: marshadylbek@gmail.com.

ТЭИ байланыс телефондары: тел./факс 8 (777) 100-71-35;

Байланысушы тұлғалар

(ғылыми-ұйымдастыру мәселелерді шешу үшін)

Марыс Қадылбек – институттың қызметкері; E-mail: marshadylbek@gmail.com.тел.: 8 (777) 100-71-35;

Қосымша

Тіркеу нысаны (қазақ немесе орыс тілінде)

Тегі 
 Аты 
 Әкесінің аты 
 Ғылыми дәрежесі, қызметі  
 Мекеме (ғылыми мекеменің, ЖОО-ның және т.б. атауы, оның мекен-жайы) 
 E-mail 
 Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен) 
 Баяндама атау 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

0

Subtotal