ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ

Құрметті әріптестер!

2025 жылғы 17 қазан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астана қаласындағы филиалы мен Мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесі ««Қазақстандағы Кіші Қазан» революциялық доктринасы: саяси мақсаттары мен жүзеге асыру әдістері» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының негізгі базалық санаттары мен кіші санаттарын іргелі зерттеу және оларды толық ақтау процестері» атты мақсатты қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.

Конференцияның мақсаты – РСФСР мен КСРО партиялық-кеңестік органдардың актілерін, олардың жазалау құрылымдарын, сондай-ақ Қазкрайком, КАКСР ҚазОАК мен ХКК пленумдарының, конференцияларының, мәжілістерінің және басқа да ресми актілері мен құжаттарын, Ф.Голощекин мен басқа да Қазақстан басшыларының баяндамалары мен сөйлеген сөздерін, арнайы комиссиялар мен өкілдердің материалдарын зерделеу, өңірлік және жазалау органдарының құжаттарын талдау және іргелі зерттеу негізінде саяси мақсаттарды, дайындық жоспарларын, әрбір акцияның насихаттық-идеологиялық қамтамасыз етілуін анықтау; қуғын-сүргін құрбандарының базалық санаттарын/кіші санаттарын түбегейлі анықтау, «Қазақстандағы Кіші Қазан» революциялық доктринасы шеңберінде жүзеге асырылған әрбір саяси кампанияның іске асырылу әдістерін мен жаппай қуғын-сүргіннің ерекшеліктерін айқындау. Сонымен қатар «Қазақстандағы Кіші Қазан» шеңберінде жүргізілген әрбір кампания бойынша құрбандар мен зардап шеккендерді толық құқықтық және саяси ақтаудың жолдары мен құқықтық тетіктерін талқылау қажет.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

1. «Қазақстандағы Кіші Қазан»: халыққа қарсы саясат аясындағы әлеуметтік-экономикалық саладағы қуғын-сүргін құрбандарының негізгі санаттарын/кіші санаттарын анықтау үшін революциялық-күштеу акцияларын іргелі зерттеу: мақсаттарын, жүзеге асыру тетіктерін зерделеу.

2. «Қазақстандағы Кіші Қазан» халыққа қарсы саясат аясында саяси-құқықтық саладағы қуғын-сүргін құрбандарының негізгі санаттарын/кіші санаттарын анықтау үшін революциялық-күштеу акцияларын іргелі зерттеу: мақсаттары мен жүзеге асыру тетіктерін зерделеу.

3. «Қазақстандағы Кіші Қазан» халыққа қарсы саясат аясындағы идеологиялық, мәдени, ғылыми және рухани салалардағы қуғын-сүргін құрбандарының негізгі санаттарын/кіші санаттарын анықтау үшін революциялық-күштеу акцияларды іргелі зерттеу: мақсаттары мен жүзеге асыру тетіктерін зерделеу.

Өткізу уақыты: 2025 жылғы 17 қазан, басталуы – сағат 9.00.

Жұмыс форматы: конференция оффлайн және онлайн (Zoom платформасында) режимінде өткізіледі.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс.

Конференция жұмысының нәтижесі бойынша материалдар жинағы жарық көреді. Баяндама жариялау үшін ақы алынбайды.

Zoom:

«Қазақстандағы Кіші Қазан» революциялық доктринасы: саяси мақсаттары мен жүзеге асыру әдістері» тақырыбындағы  Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Уақыты: 17 қазан. 2025 жыл, сағат 09:00

Zoom  конференциясына қосылу

https://us02web.zoom.us/j/88409703558?Pwd=g70sghfxeoa27jabs2za5gll6ufcz9.1

Идентификатор конференции: 884 0970 3558

Код доступа: 659592

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Мақалалар авторлар тарапынан электронды түрде MS Office Word 2007 форматында ұсынылады, қаріп – Times New Roman, өлшемі – 14, жоларалық интервал – бір, абзацтық шегініс – 1 см, өрістер – 2 см, мәтіннің туралануы – ені бойынша. Кестелер мен фотоматериалдардың берілуі құпталады.

Мақаланы рәсімдеу ғылыми стандарттарға сай болуы тиіс:

  • көлемі – кемінде 0,5 б.т. (5–7 компьютерлік бет);
  • ортасына бас әріптермен – мақаланың атауы жазылады;
  • 1 (бір) интервалдан кейін ортасына – автордың аты-жөнінің инициалдары мен тегі, e-mail, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі көрсетіледі;
  • мақала мәтіні жазылған тілде қысқаша аннотация беріледі;
  • кілт сөздер көрсетіледі;
  • 1 (бір) интервалдан кейін мақаланың негізгі мәтіні орналастырылады;
  • әдебиеттер тізімі МЕМСТ 7.1-2003 стандартына сәйкес рәсімделуі тиіс;
  • дереккөздерге сілтемелер мен ескертпелер мәтінде берілген ретімен төртбұрышты жақшада көрсетіледі (үлгі: [1, 28-б.]);
  • мәтін автор тарапынан мұқият тексеріліп, редакцияланған болуы қажет.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2025 жылғы 25 қыркүйекке дейін өтінім мен мақала мәтіндерін электронды мекенжайға жолдауларыңызды сұраймыз: qakharmandar@gmail.com

РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ

(1 абзац шегініс)

Тегі Аты-жөні (инициалдары)

research2025@mail.ru

ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, қала, мемлекет

(1 абзац шегініс)

Аннотация: Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін

Кілт сөздер: Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін

(1 абзац шегініс)

Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні (2 абзац шегініс)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:

1. Қасымова Д. Б., Қалыбекова М. Ч. 1930 жылдардың басында Түрікменстандағы қазақтар: Кеңес өкіметіне қарсы тұру эпизодтары // Электронды ғылыми журнал «edu.e-history.kz». – 2022. – Т. 9. – № 1. – 45–57-бб.

2. Ким Г.Н., Әбжанов Х.М. Кеңестік кәрістерге қарсы қуғын-сүргін: таптаурыннан тарихи шындыққа // ҚазҰПУ Хабаршысы. «Тарих және әлеуметтік-саяси ғылымдар» сериясы. – 2021. – № 3(70). – 6–17-бб.

3. Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты (АҚМА). Қ. 1. Т. 1. Іс. 1. П. 1

Құрметті әріптестер! Конференция бағдарламасы мен материалдар жинағын дұрыс рәсімдеу мақсатында Сіздерден төмендегі мәліметтерді ұсынуларыңызды сұраймыз:

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Тегі, аты-жөні (толық) 
Мекеменің атауы (толық) 
Баяндама (мақала) тақырыбы 
Лауазымы (толық) 
Ғылыми дәрежесі 
Мемлекет, қала 
Байланыс деректері (мекенжай, телефон) 
E-mail 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:

Редакцияның мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, А корпусы, 804-бөлме, тел.: +7 701 771 61 15; +7 775 562 06 18

E-mail: qakharmandar@gmail.com

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

0

Subtotal