Құрметті әріптестер!
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2025 жылғы 30 қыркүйекте «Қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының өмірі мен қызметінің беймәлім қырлары туралы құпиясыздандырылған Ресей мұрағаттары (XVIII–XIX ғғ. бірінші жартысы)» атты ғылыми семинар өткізеді. Ғылыми семинардың мақсаты – Ресей архивтерінің құпиясыздандырылған құжаттары негізінде жаңа тарих дәуіріндегі көрнекті қазақ мемлекет және әскери қайраткерлерінің өмірі мен қызметінің белгісіз эпизодтарын жариялау бойынша жоба нәтижелерімен таныстыру.
Жобаны жүзеге асыру барысында зерттеу тобы сипаттамалық, тарихи-салыстырмалы, сыни, сандық, сондай-ақ мазмұнды талдауды қамтитын ғылыми зерттеудің жалпы қабылданған әдістеріне сүйенді. Зерттеу нәтижелері және олардың жаңалығы қазақтың Абылай, Уәли және Кенесары хандары, Әбілпейіз, Ералы, Ханқожа және т. с.с. сұлтандары, сонымен қатар Құлсары, Сырым, Саржан, Жоламан, Жанқожа және Есет батырлардың өмірі мен қызметінің тарихын ресейлік архив деректеріне баса назар аудара отырып зерттеумен айқындалады. 2022 ж. ғылыми нәтижелер жоба бойынша шыққан басылымдарда көрініс тапты: үш тілдегі монография – 3, құжаттар жинағы – 1, Scopus халықаралық базасында индексацияланатын шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымдағы мақала – 2, нөлдік емес импакт-факторлы рецензияланатын шетелдік басылымдағы мақала (РҒДИ) – 1, нөлдік емес импакт-факторлы басылымдағы (ҒЖБССҚК ұсынған) мақалалар – 8, БАҚ жарияланымдар – 4.
Қолданылу аясы: Қазақстан тарихы, Ресей тарихы, Батыс Сібір тарихы, Қырғызстан тарихы, Қытай тарихы, Орта Азия тарихы. Сондай-ақ алынған мәліметтер мен деректер өлкетану, мұражай ісінде, сондай-ақ микро-тарих форматындағы еңбектерді жазу кезінде табысты пайдаланылуы мүмкін.
Ғалымдарды, мамандарды, докторанттар мен магистранттарды, студенттерді «Қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының өмірі мен қызметінің беймәлім қырлары туралы құпиясыздандырылған Ресей мұрағаттары (XVIII–XIX ғғ. бірінші жартысы)» атты ғылыми семинарға қатысып пікір білдіруге шақырамыз.
Ғылыми семинардың уақыты: 30.09.2025 ж., сағат 12.00.
Zoom идентификаторы: 889 5521 5661.
Zoom коды: 492295.
Ұйымдастыру комитеті

