2025 жылғы 23 қазанда Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және «Қазақстан Республикасы Ғылыми басылымдар» ЖШС арасында  бірлескен қызметке ортақ мүдделілікті білдіре отырып, Бас директор, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов пен М.М. Ященко ынтымақтастықты нығайтуға ниеттеніп меморандумға қол қойды

Біздің Институтымыздың ғалымдары үшін меморандумға сәйкес Scopus, Web of Science дерекқорында ғылыми мақалалар жариялау; Google Scholar-да дәйексөз келтіру және Хирш индексін көтеру бойынша жұмыстар жүргізу; қажет жағдайда ғылыми мақалаға академиялық аударма жасатуға тапсырыс беру бойынша қарастырылған. Қазақстан Республикасы Ғылыми басылымдар өз тарапынан Scopus, Web of Science дерекқорында жарияланымды сүйемелдеу және кепілдендірілген ресми келісім жасау; максималды тиімділік үшін мақаланың тегін аудитін жүргізу; жоғары рейтингі бар ғылыми журналдарды таңдау; дәйексөзбен жұмыс істеу және индекстеу үдерісіне дейін толық сүйемелдеу; қажет жағдайда халықаралық тағылымдамаларды ұйымдастыру т.б. қызметтерін ұсынады. Бірлескен ынтымақтастықтың өзара тиімді шарттары бойынша келісімге қол жеткізілген кезде тараптар оларды жекелеген шарттар жасасу арқылы бекітуге келісті.

Қазақстан Республикасы Ғылыми басылымдар меморандум негізінде 2025 жылғы 7 қарашада Институт ғалымдары үшін «Ғылыми-жариялау қызметіндегі жасанды интеллект» тақырыбында тегін вебинар өткізіп, вебинарға қатысқан ғалымдарға сертификат берілетіндігін хабарлады.

Өзара ынтымақтастық нығайып, ғалымдарымыздың Scopus, Web of Science дерекқорындағы ғылыми мақалалары жарияланып, Қазақстан тарихы ғылымы әлемдік деңгейде насихатталып, соның нәтижесінде ғалымдарымыздың да еңбектері өз бағасын алады деген үміттеміз.