Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы


ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 2014 жылы 6 маусым күні ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбековтың 85 жасқа толуына арналған «Қазақстандық тарих ғылымының өзекті мәселелері мен даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

 1

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

 

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 2014 жылы 6 маусым күні ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбековтың 85 жасқа толуына арналған «Қазақстандық тарих ғылымының өзекті мәселелері мен даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Ғылыми кеңестің жұмысына қатысуға ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

 

Конференция төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

 

  • Қазіргі кезеңдегі  Отан тарихы ғылымындағыжаңа тұжырымдар мен көзқарастар
  • Тарихи демография саласындағы зерттеулер: жетістіктері мен болашағы
  • Қазақстандық археология және этнология ғылымдарының даму мәселелері мен болашағы

 

Жинаққа мәліметтерді дайындау, жариялау және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция бағдарламасы мен жинаққа қосу үшін 2014 жылдың 26 сәуірге дейін мақалаларды жіберулеріңізді өтінеміз.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тел.: 8(727) 272-46-54

 

моб.тел.: +7 771 411 01 33 (Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы)

e-mail: akudaybergen@mail.ru

моб.тел.: +7707 505 59 69, 8705 135 60 94 (Уалтаева Алтын Слямхайдарқызы)

e-mail: ualtayeva_altyn@mail.ru

 

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

* Жалпы көлемі (мақаланың негізгі мәтінін, кестелер, иллюстрациялар, библиографиялық тізім, аннотацияны қосқанда) 7 беттен аспауы тиіс.

* Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек, шрифт  түрі «Times New Roman», кегль 14, интервал – 1 аралығында, азат жол шегінуі  – 1,25 см.; жоғары шектен – 2 см., төменнен – 2 см., солдан – 3 см., оңнан – 1 см.;

* Әр файл бір құжатта сақталуы керек, файл аты мақала авторы атымен аталуы шарт (мысалы:Kudaybergenova_doklad).

* Беттің жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, бір интервалдан кейін автордың тегі, аты-жөнінің басты әріптері, жұмыс орны мен тұрғылықты қаласы, бір интервалдан кейін мақала мәтіні.

* Мәтінде сілтеме тік жақша түрінде рәсімделіп, әдебиеттер тізімінде деректердің беті көрсетіледі. Мысалы: [6, 2 б.].

 

 

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

М.-А.Х. Асылбеков және қазіргі тарихи демографияғылымының дамуы

А.И. Құдайбергенова т.ғ.д., доцент,

050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институты

akudaybergen@mail.ru

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Национально-освободительное восстание казахских трудящихся против царизма в 1916 г. / Сост.: С. Шарипов. –Алма-Ата: Казгосиздат, 1937. ­– 316 б.

2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. –2003. –10 декабря. – № 4. – С. 5-7.

3 Ташкент мұсылмандарының демонстрациясы (электронный ресурс) htpp: // www.inform.kz/kaz/article/2323629 (дата посещения сайта: 18.03.2013).

 

Мақалаларыңызды жоғарыдағы талаптарға сай жазып, мұқият қадағалауларыңызды еске саламыз. Редакциялық алқа талаптарға сай келмейтін жұмыстарды қабылдамауға құқылы. Жұмыстарыңыздың нәтижесі электронды почтаға жіберіледі.

 

Тіркеу нұсқасы

 

Тегі___________________________________________________________

Аты___________________________________________________________

Жөні__________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы___________________________________________

Жұмыс орны, қызметі_____________________________________________

Тұрғылықты мекен-жайы___________________________________________

E-mail___________________________________________________

Баяндама аты______________________________________________

 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕҢЕСІ