2026 жылғы 17 ақпанда Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ректоры Ещжанов Талғат Есмаханбетұлының жетекшілігімен делегация ресми сапармен келді
Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПУ ректорының сапары
2026 жылғы 17 ақпанда Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ректоры Ещжанов Талғат Есмаханбетұлының жетекшілігімен делегация ресми сапармен келді.
Делегация құрамында: Тұрлыбек Аслан Еділханұлы — зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі проректор; Конкина Гульбаршин Спановна — Тарих және өнер факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Қалиев Айбек Киікбайұлы — Педагогика және филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; Ескермесұлы Әлібек — «Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Нурханов Маргулан Абилбекович — ғылыми зерттеулер және коммерцияландыру орталығының жетекшісі, сондай-ақ жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің өкілдері болды.
Сапар аясында қонақтар Институт басшылығы мен қызметкерлерімен ресми кездесу өтіп, онда тарих ғылымын дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлау, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыруды, халықаралық және республикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми семинарлар ұйымдастыруды, оқытушылар мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасуды, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар үшін тағылымдамалар ұйымдастыруды көздейді.
Тараптар қол жеткізілген келісімдер жоғары оқу орындары арасындағы әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болатынына және отандық ғылым мен жоғары білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.



