Құрметті әріптестер!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2026 жылғы 7 сәуірде «Қайым Мұхамедханов ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихында және оның ғылыми-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Қайым Мұхамедханов (1916–2004) – ғалым, 1945 жылғы Қазақ КСР Мемлекеттік Гимні мәтінінің авторы, 1940 жылы Семей қаласында алғашқы мемлекеттік Абай әдеби-мемориалдық музейін ұйымдастырушы, зерттеуші-текстолог, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, ұстаз-тәлімгер және қоғам қайраткері.Қ. Мұхамедхановтың ғылыми және мәдени мұрасы, оның Отанға деген қызметі XXI ғасырда да айрықша өзектілігін жоғалтқан емес.Оның сан қырлы қызметі ұлттық мәдениетті сақтаумен, маңызды тарихи құжаттар мен материалдарды ғылыми айналымға енгізіп, жүйелеумен тығыз байланысты.

Оның мұрасын ғылыми салада (тарихи, философиялық, психологиялық және т.б.) кешенді пәнаралық тұрғыда зерттейтін дербес бағыт – «қайымтануды» қалыптастыру қажеттігі атап көрсетіледі.Білім беру саласында ғалымның тағдыры мен ғылыми-мәдени мұрасын Қазақстан тарихы және сабақтас пәндер курстарында жүйелі түрде оқыту қажеттігі туындап отыр.

Конференция ғалым мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеуге және оның тұлғасының Қазақстан тарихындағы рөлін зерттеуге арналған маңызды алаң болмақ. Бұл мәдениетте, ғылымда және білім беру саласында тарихи жадты сақтауда айрықша мәнге ие.

Конференцияның мақсаты: тарих ғылымы мен тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мәдениетінің дамуына үлес қосу; ғылымдағы этика мен рухани-тарихи сабақтастықты сақтау арқылы «Адал азаматты» тәрбиелеуге ықпал ету.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

– Қ. Мұхамедхановтың атын және еңбектерін мәңгі есте сақтау ісінде тарихи әділдікті сақтау.

– Қ. Мұхамедхановтың ғылым мен білімді сақтау мен дамытуға қосқан сан қырлы үлесін қарастыру.

– Қ. Мұхамедханов туралы материалдарды жоғары оқу орындары мен мектептерде Қазақстан тарихы оқулығына енгізудің қажеттілігін негіздеу.

– Ғалымның тарихи сабақтастығы, тағдыры және халқына қызметін ғылыми тұрғыдан зерделеу (оның ішінде «Әке мен бала», «Ер қазақ», «Ұстаз бен шәкірт», «Абай–Алаш», «Рухани сабақтастық» тақырыптарындағы бағыттар шеңберінде).

– Қ. Мұхамедханов1950 жылдардағы ғалымдар мен шығармашылық қызметкерлеріне қарсы репрессия кезеңінде.

– 1960–1980 жылдардағы кеңес дәуіріндегі ғалымның тағдыры.

– Қазіргі кезеңдегі Қ. Мұхамедханов мұрасының өзектілігі.

Ғалымдарды, оқытушыларды, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерін, докторанттарды, магистранттарды, жас зерттеушілерді және барлық мүдделі тұлғаларды конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, «Ғылым ордасы» ғимараты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (3-қабат, кіші конференц-зал)

Конференция жұмысының басталуы – 11:00, қатысушыларды тіркеу – 10:30.

Жұмыс форматы: Zoom бағдарламасы негізінде онлайн-конференция. Конференция идентификаторы:

Ұйымдастыру комитетінің байланысы: Айжан Досқараева. Электрондық пошта: doskaraeva@gmail.com

Ғылыми форумның қорытындысы бойынша баяндамалар мен докладтар жинағы электрондық форматта дайындалып, жарияланады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдерді 2026 жылғы 3 сәуірге дейін мына электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: doskaraeva@gmail.com

Конференция қатысушыларының жол шығындары жіберуші тарап есебінен төленеді.

Мақалаларды дайындау талаптары:

Мақалаларды дайындау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет: электрондық нұсқада терілген мәтін көлемі 10 беттен аспауы тиіс. Шрифт – Times New Roman, қаріп өлшемі – 14; жоларалық интервал – 1; мәтінді ені бойынша туралау; абзац шегінісі – 1 см; бет бағыты – портреттік, жоғарғы және төменгі шеттері – 2,0 см, сол жақ шеті – 3,0 см, оң жақ шеті – 1 см.

Тақырыпты безендіру:Тақырыпты бас әріптермен, қалың шрифпен, жол ортасына туралап жазу – МAҚАЛА АТАУЫ;Келесі жолға (қалың курсив шрифт, оң жаққа туралау) – толық аты-жөні;Келесі жолға (курсив шрифт, оң жаққа туралау) – ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны, қала;Келесі жолға (курсив шрифт, оң жаққа туралау) – байланыс үшін электрондық пошта;1 жол бос орын қалдырып – мақала мәтіні.Мәтінде әдебиет тізіміндегі сәйкес дереккөзге сілтемелерді араб цифрларымен және квадрат жақшаларда көрсету қажет, мысалы: [1, б. 277]. Бет бойынша сілтемелерді автоматты түрде қолдануға болмайды.

Мақаланың соңында қысқаша мазмұны (резюме) беріледі: орыс тіліндегі мақала үшін – қазақ және ағылшын тілдерінде; қазақ тіліндегі мақала үшін – орыс және ағылшын тілдерінде.

Қолжазбаға автор туралы ақпарат қоса беріледі: тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен лауазымы, қаласы, елін, сондай-ақ пошта және электрондық мекенжайы, байланыс телефондары көрсетілуі қажет.

Ұсынылған мәтінді орфографиялық, тыныс белгілері және стильдік қателер тұрғысынан дұрыс өңдеуді сұраймыз.

Ұйымдастыру комитеті мақалаларды жарияланған тақырыптарға және безендіру талаптарына сәйкес іріктеу құқығын өз жауапкершілігіне алады.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ НҰСҚАСЫ

Тегі, аты-жөні 
Қосавторлар (егер болса) 
Жұмыс орны 
Қызметі 
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы 
Байланыс телефондары 
E-mail 
Қатысу формасы (онлайн, оффлайн) 
Секция 
Баяндама тақырыбы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)   

Құрметпен, ұйымдастру комитеті