ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі 2026 жылғы 28 сәуірде «Таңба зерттеулерге қатысты көне тарихи деректер» атты ғылыми семинар өткізеді

Ғылыми семинардың мақсаты – көне тарихи деректер негізінде таңбаның (ен-таңба) шығу тегі, қолданылу кезеңдері, сондай-ақ оның әлеуметтік және рулық маңызын ғылыми тұрғыдан талдау. Сонымен қатар, семинар аясында түркі және моңғол халықтарының дәстүрлі таңба жүйесін деректанулық тұрғыдан зерттеу, жазба, археологиялық және этнографиялық деректердегі таңба түрлеріне салыстырмалы талдау жасау, сондай-ақ таңбалардың тарихи рөлі мен маңызын айқындау көзделеді.

Таңба зерттеулері қазіргі гуманитарлық ғылымда, әсіресе көшпелі өркениет тарихын зерттеуде, дәстүрлі және рулық басқару жүйесін айқындауда маңызды дерек көзі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты қазіргі ғылыми зерттеулерде таңбаға қатысты деректерді қолданудың өзектілігі жоғары екенін атап өткен жөн.

Ғылыми семинардың өтетін уақыты: 28.04.2026 ж., сағат 12:00
Zoom идентификаторы: 817 5825 8055
Zoom коды: 219701

Ұйымдастыру комитеті