2026 ж. 15 сәуір күні Институтта ғылыми семинар өтті. Семинарда Институттың PhD докторанттары зерттеу тақырыптары бойынша баяндама жасады. Модератор – Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Тілеубаев Шамек Баянұлы
3-ші курстың PhD докторанты Сисенбаева Алия «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Польша аумағындағы концлагерлердегі қазақстандық әскери тұтқындар» тақырыбы бойынша, 2-ші курстың PhD докторанттары Сауырқан Елдос — «ХІІІ-ХІV ғғ. Жошы ұлысы мен Ұлы Моңғол ұлысы және Юань династиясы арасындағы байланыстар» және Қоңқабаева Арайлым — «ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ қоғамындағы әйелдер мәселесі (тарихи-салыстырмалы талдау)» диссертацияларының даярлығы мен жарияланымдары туралы баяндамалар жасады.
Баяндамашыларға диссертация құрылымы мен мазмұнына қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Семинарға «Ғылым ордасы» ғылыми кадрларды даярлау орталығының басшысы Уалтаева А.С., ғалым хатшы Құрманалина Н.Н., PhD докторанттар және PhD докторантура бағдарламасын әр жылдары тәмамдаған Институт қызметкерлері қатысты.



