2026 жылғы 29 наурыз бен 11 сәуір аралығында «Патшалық отаршылдық саясатын іске асырудағы Қазақстанның Дала облыстарының уездік басқармалары (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы)» атты жоба аясындағы ғылыми іссапар барысында күнтізбелік жоспарға сәйкес жоба қатысушылары З.Т. Садвокасова мен Ж.К. Жумабаева Ташкент қаласындағы Навои атындағы Ұлттық кітапхана мен Өзбекстан Республикасының Ұлттық архивінде зерттеу жұмыстарын жүргізді
Навои атындағы Ұлттық кітапхананың жалпы оқу залында тарихшылардың еңбектері зерттелді, ал сирек қорында XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында жарияланған материалдармен жұмыс жасалды. Олардың қатарында жоба үшін ерекше құнды болып табылатын 500 томнан тұратын «Түркістан жинағы», сондай-ақ жекелеген газет жарияланымдары бар.
Ұжымдық монография дайындау барысында салыстырмалы талдау жүргізу мақсатында әртүрлі өңірлерден, әсіресе Өзбекстаннан шыққан ғалымдардың тарихи еңбектеріне назар аударылды.
Өзбекстан Республикасы Ұлттық архивінің келесі қорларындағы істер қарастырылды: Түркістан генерал-губернаторының кеңсесі, Сырдария ауданындағы қоныс аудару ісін басқару мекемесі, Сырдария облысының Курамин уезіндегі қызметтік асыра пайдаланушылықтарды тексеру жөніндегі комиссия, Сырдария облыстық басқармасы және т.б.
Ең көп тізімдеме (36) және тиісінше істер саны И-1 қоры – Түркістан генерал-губернаторының кеңсесінде сақталған.
Түркістан генерал-губернаторлығының жергілікті және уездік әкімшіліктерінің қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік материалдар ерекше маңызға ие, себебі олар билік органдарының жергілікті халыққа қатысты саясатын Қазақстанның дала облыстарындағы басқару жүйесімен салыстыруға мүмкіндік береді. Көптеген дереккөздерден мекемелер қызметінің жалпы бағыттылығы байқалады, дегенмен Қазақстанның дала облыстарымен салыстырғанда кейбір айырмашылықтар бар, олар облыс басшылары тарапынан атап көрсетілген.
Осылайша, ғылыми іссапар барысында ғылыми еңбектер мен дереккөздерді зерттеу бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Анықталған материалдар ұжымдық монографияны дайындау мен ғылыми мақалалар жазу барысында пайдаланылатын болады.



