2026 жылғы 28 сәуірде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Тамға зерттеулеріне қатысты көне тарихи деректер» тақырыбында ғылыми семинар өтті
Іс-шараны Қазақстан және іргелес елдер тарихы (ежелгі және орта ғасырлар) бөлімі ұйымдастырды.
Семинар барысында тамға ұғымы кездесетін көне жазба деректер (парсы, араб, түркі, моңғол және т.б.) қарастырылып, «тамға» және «ен-таңба» терминдерінің қалыптасуы мен тарихи мәні талданды.
Сонымен қатар, тамғаның ру-тайпалық, әлеуметтік және дипломатиялық маңызына ерекше назар аударылып, көшпелі халықтардың дәстүрлі тамға жүйесі деректанулық тұрғыдан зерттелді.
Семинардың мақсаты – тамғаларға қатысты мәліметтерді ғылыми зерттеулерде пайдаланудың әдіснамалық тәсілдерін қалыптастыру. Іс-шараға институт ғалымдары мен зерттеушілері, сондай-ақ отандық және шетелдік мамандар қатысты.


