Ғылым және жастар

2026 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 80 жыл толуына арналған «Заманауи ғылым және жастар: ұрпақтар диалогы» атты Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының 50-республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Конференцияға Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген мектеп оқушылары қатысып, жаратылыстану, қоғамдық-гуманитарлық және техникалық бағыттар бойынша ғылыми жобаларын таныстырды.

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты конференцияны ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсенді қатысып, тарих секциясының жұмысына жетекшілік етті әрі жас зерттеушілерге ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетті. Тарих бағыты аясында «Алаш» қозғалысының тарихы, Алматы облысындағы сталиндік қуғын-сүргін, Қазақстанның көрнекті тұлғалары, сондай-ақ Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің отандық тарихи ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы баяндамалар ұсынылды.