2026 ж. 15 мамыр күні Институтта докторанттардың кезекті  ғылыми семинары өтті. Семинарда Институттың PhD докторанттары зерттеу тақырыптары бойынша баяндама жасады. Модератор – Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Тілеубаев Шамек Баянұлы

1-ші курс докторанттары өздерінің зерттеу тақырыбы бойынша жасаған ізденіс нәтижелерімен, жарияланымдарымен т.с.с. таныстырды.

  • Байжұманова З.Б. «Қазақстандық медицина кадрларының қалыптасуы мен дамуы (1920-1950 жылдар». Ғылыми кеңесшілер: отандық Қалыбеков М.Ч., шетелдік Башкуев В.Ю. (РФ).
  • Омарова Г. «Алматы тұрғындарының астана кезеңіндегі тарихи-демографиялық трансформациясы (1929–1997 жж.)». Ғылыми кеңесшілер: отандық Уалтаева А.С., шетелдік Жиромская В.Б. (РФ).
  • Кочиев Э. «Қазақстан аумағындағы ахысқа түріктері: бейімделу және этникалық бірегейлікті сақтау тарихы (1944–2024 жж.)». Ғылыми кеңесшілер: отандық Қабылдинов З.Е., шетелдік Айшегюль Айдынгюн (Түркия).
  • Тылахметова А.С. «Әбілмәмбет ханның ішкі және сыртқы саясаты». Ғылыми кеңесшілер: отандық Қабылдинов З.Е., шетелдік Тепкеев В.Т. (РФ).
  • Мрзабаева Р.Ж. «Академик А.Н. Нүсіпбековтің ХХ ғасырдың 50-жылдары мен 80-жылдарының басында Қазақстандағы академиялық ғылымды ұйымдастыру мен дамытуға қосқан үлесі». Ғылыми кеңесшілер: отандық Қабылдинов З.Е., шетелдік Magdalena Lachowicz (Польша).

Баяндамашыларға диссертация құрылымы мен мазмұнына қатысты, диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар шығару бойынша  ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Семинарға ғалым хатшы Құрманалина Н.Н.,  PhD докторанттар және  PhD докторантура бағдарламасын әр жылдары тәмамдаған Институт қызметкерлері қатысты.