2026 жылдың 24-27 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Барнаул қаласында Алтай мемлекеттік университеті мен «Үлкен Алтай» ғылыми-білім беру Орталығының ұйымдастыруымен «Исмайл Гаспринский: ағартушы, баспагер, педагогог» атты түркі әлемінің ұлы тұлғасының 175 жылдық мерейтойына орай халықаралық конференция өтті
Конференцияға Орталық Азия мемлекеттері, Татарстан, Қырым Республикасы және Ресей ғалымдары қатысып, өз аймақтарындағы 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы жәдидтік қозғалыстардың тарихи маңызы мен ерекшеліктері туралы баяндамалар жасады. Осы жиында «Ауғанстан еліндегі түркі тайпалары арасындағы діни-ағартушылық» атты тақырыпта баяндама жасадым, «Үлкен Алтай» ғылыми-білім беру Орталығының төрайымы Ю.А. Лысенко ханыммен, Маржани атындағы тарих институтының директорының орынбасары Ғибатдинов М.М. және Қырым ғылыми орталығының жетекшісі Керим И.А. мырзалармен кездесіп, институтпен бірігіп жасауға болатын ғылыми іс-шаралар мен жобалар туралы ақылдастым.


