2026 жылдың 11-18 мамыр аралығында Оразгүл Мұхатова апай жетекшілік ететін «АР 2619443 «XVI ғ. соңы мен XVIII ғасырдағы Қазақстанның сыртқы саясаты тарихының беймәлім беттері» атты ГК жоба аясында Үндістанның Дели қаласында іссапарда болдым

Іссапар барысында Ашок университетінде болып, Қазақ-Үнді ғалымдар Кеңесін (ҚҮҒК) құрып, үнді жағынан төрағасын сайлап, алғашқы жиынын өткіздік. Кеңеске Қазақ тарихы мен мәдениетімен айналысатын үнділік әртүрлі университеттерде дәріс беретін 6 кісі алғаш мүшелікке өтті. Төраға болып, Неру Үнді Ұлттық университетінің профессоры Ахтар мырза сайланды.

⁠Хайдарабад Ағылшын және шет тілдер университеті жаңа жылдан бастап біздің жас ғалымдарды 3 айлық ағылшын тілі курсынан өткізуге келісті (төмен бағада).

⁠Осы және басқа мәселелер бойынша Ашок, Хайдарабад және Неру университеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау келісілді.

⁠Үнді Ұлттық Кітапханасынан 18-19 ғ. Қазақстан мен Орталық Азия тарихына қатысты, бізге беймәлім болып келген, ағылшын және еуропалық саяхатшылардың еңбектерінің ПДФ нұсқалары алынды.