Құрметті әріптестер!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімі 2026 жылғы 17 маусымда «XIII-XIV ғғ. Жошы Ұлысы мен Юань династиясы қатынастары және зерттеу тақырыбының кейбір мәселелері» атты ғылыми семинар өткізеді

Ғылыми семинардың мақсаты – XIII–XIV ғасырлардағы Жошы Ұлысы мен Юань династиясы арасындағы саяси, дипломатиялық, экономикалық және мәдени байланыстарды тарихи деректер негізінде ғылыми тұрғыдан талдау. Сонымен қатар, семинар аясында екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасының негізгі кезеңдерін анықтау, ортағасырлық жазба деректердегі мәліметтерді салыстырмалы түрде қарастыру, халықаралық сауда жолдары мен элиталық байланыстардың ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ аталған тақырыпқа қатысты заманауи зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылау көзделеді.

Жошы Ұлысы мен Юань династиясы арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу Еуразия кеңістігіндегі саяси үдерістерді, Шыңғыс хан ұрпақтары құрған мемлекеттердің өзара ықпалдастығын және ортағасырлық халықаралық қатынастар жүйесінің ерекшеліктерін түсінуде маңызды орын алады. Осыған байланысты қазіргі тарих ғылымында бұл тақырыпты жаңа деректер мен әдіснамалық ұстанымдар негізінде зерделеудің өзектілігі жоғары болып табылады.

Ғалымдарды, мамандарды, докторанттарды, магистранттарды, студенттерді және тарих ғылымына қызығушыларды «XIII-XIV ғғ. Жошы Ұлысы мен Юань династиясы қатынастары және зерттеу тақырыбының кейбір мәселелері» атты ғылыми семинарда Жошы Ұлысы тарихымен толығырақ танысып, пікір білдіруге шақырамыз.

Ғылыми семинардың уақыты: 17.06.2026 ж., сағат 12.00.

Zoom идентификаторы: 880 1680 2908.

Zoom коды: 123456.

Ұйымдастыру комитеті