Отандық тарих ғылымын дамытуға, ғылыми кадрлар даярлауға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық жемісті ғылыми қызметі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық медалімен және Құрмет грамотасымен марапатталды

Бұл жоғары марапат ғалымның Қазақстан тарихын зерттеуге, іргелі ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, академиялық ғылымды дамытуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесінің айқын көрінісі болып табылады.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы Зиябек Ермұханұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық, жаңа ғылыми жетістіктер мен отандық ғылым игілігі жолындағы толағай табыстар тілейді.