2026 ж. 10 маусым күні Институтта докторанттардың кезекті ғылыми семинары өтті. Семинарда PhD докторанттар зерттеу тақырыптары бойынша баяндама жасады. Модератор – Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Тілеубаев Шамек Баянұлы
PhD докторантура бағдарламасын әр жылдары тәмамдаған Институт қызметкерлері өздерінің зерттеу тақырыбы бойынша жасаған ізденіс нәтижелерімен, жарияланымдарымен т.с.с. таныстырды.
- Галимов Ербол Әнуарбекұлы «Кіші жүздегі сұлтан-билеушілер институты». Ғылыми кеңесшілер: отандық Ксенжик Г.Н. / Қабылдинов З.Е., шетелдік Эрен Тасар (Eren Tasar).
- Оразов Рашид Ешенұлы «Қазақстан мен Орталық Азиядағы Сыздық Кенесарыұлы бастаған ұлт-азаттық күрес (ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысы — ХХ ғ. басы)». Ғылыми кеңесшілер: отандық Әбжанов Х.М., шетелдік Йорулмаз О. (Түркия, Стамбул).
- Кубеев Рустем Джаулыбайұлы «Қазіргі тарихнамада қазақстандық қоғамдағы дәстүрліліктің ревитализация мәселесі». Ғылыми кеңесшілер: отандық Жүгенбаева Г.С., шетелдік Грасси Ф. (Италия)
- Әшім Бағлан Әбдірахманұлы «Моңғолия қазақтарының мешіттері: ескерткіштанулық және этномәдени зерттеу». Ғылыми кеңесшілер: отандық С.Е. Әжіғали, шетелдік О.Б. Наумова (РФ).
- Арепова Анар Дүйсенбайқызы «Ресей империясының Орта жүздегі хандық билікті әлсіретуге бағытталған отарлық саясаты (XVIII ғасырдың ІІ жартысы — ХІХ ғасырдың басы)». Ғылыми кеңесшілер: отандық Қабылдинов З.Е., шетелдік Крот И.И. (РФ).
Баяндамашыларға диссертация құрылымы мен мазмұнына қатысты, диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар шығару бойынша ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Семинарға «Ғылым ордасы» ғылыми кадрларды даярлау орталығының жетекшісі А.С. Уалтаева, ғалым хатшы Құрманалина Н.Н., PhD докторанттар және PhD докторантура бағдарламасын әр жылдары тәмамдаған Институт қызметкерлері т.б. қатысты.



