Докторанттардың ғылыми семинары

2026 ж. 17 маусым күні Институтта докторанттардың кезекті  ғылыми семинары өтті. Семинарда PhD докторанттар зерттеу тақырыптары бойынша баяндама жасады. Модератор – Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Тілеубаев Шамек Баянұлы.

PhD докторантура бағдарламасын әр жылдары тәмамдаған Институт қызметкерлері өздерінің зерттеу тақырыбы бойынша жасаған ізденіс нәтижелерімен, жарияланымдарымен т.с.с. таныстырды.

  • Лебаев Фархат Рашидұлы «Семей ішкі округі: құрылуы мен қызметінің тарихы (1854-1868 жж.)». Ғылыми кеңесшілер: отандық Садвокасова З.Т., шетелдік Александр Моррисон (Оксфорд, Англия).
  • Куркеев Ержан Маралұлы «Қазіргі кезеңдегі оңтүстік-батыс Сібір қазақтарының этникалық өзін-өзі сәйкестендіруі». Ғылыми кеңесшілер: отандық Каженова Г.Т., шетелдік Назаров И.И. (Барнаул, РФ).
  • Досымбетов Нурлыбек Айдарбекович «Сырдария қазақтарының суды пайдаланудың дәстүрлі жүйесі: тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ – ХХ ғ. басы)». Ғылыми кеңесшілер: отандық Раздыков С.З., шетелдік Юнусова Х.Э. (Өзбекстан).
  • Сатенова Марал Ратаевна «Oңтүстік-Шығыс Қазақстандағы көшпелі қазақ элитасының әлеуметтік-саяси үдерістегі рөлі (ХIX ғ. 20-60 жж.)». Ғылыми кеңесшілер: отандық Шотанова Г.А., шетелдік Почекаев Р.Ю. (г. Санкт-Петербург, Российская Федерация)

Баяндамашыларға диссертация құрылымы мен мазмұнына қатысты, диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар шығару бойынша  ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Семинарға ғалым хатшы Құрманалина Н.Н.,  PhD докторанттар және  PhD докторантура бағдарламасын әр жылдары тәмамдаған Институт қызметкерлері т.б. қатысты.

,