ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Сіздерді «Қазақстандағы әлеуметтік саясат эволюциясы: тарихи трансформациялар, посткеңестік реформалар және кеңестік мұраның ықпалы (ХХ ғасырдың 20–80 жылдары)» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз
Өткізу уақыты: 11:00
Өткізу орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, «Ғылым ордасы» ғимараты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.
Конференция Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың тарихи даму динамикасын зерттеудің өзекті мәселелеріне, кеңестік кезеңдегі әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу тетіктерін талдауға, сондай-ақ кеңестік мұраның қазіргі әлеуметтік реформалар мен қоғамдық үдерістерге ықпалын зерделеуге арналған.
Конференция аясында әлеуметтік инфрақұрылымның трансформациясы, денсаулық сақтау, білім беру, демографиялық үдерістер, тұрғын үй саясаты, әлеуметтік стратификация, күнделікті өмірдің өзгеруі, сондай-ақ Қазақстанда кеңестік және ұлттық бірегейліктің қалыптасуы мәселелері қарастырылады.
Конференцияға ХХ ғасырдың тарихымен айналысатын ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, архивистер, жас зерттеушілер, докторанттар мен магистранттар шақырылады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Кеңестік мемлекеттің әлеуметтік саясатын зерттеудің теориялық-методологиялық ұстанымдары
- Әлеуметтік саясат: теориялары, зерттеу әдістері және тәжірибелері
- ХХ ғасырдағы Қазақстандағы әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың кезеңдері – тарихи сын-қатерлер, идеология және іске асыру тетіктері
- Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік саясат және күнделікті өмір
- Білім беру мен мәдени саясат кеңестік бірегейлікті қалыптастыру тетігі ретінде
- Әлеуметтік саясаттың гендерлік аспектілері
- Кеңестік әлеуметтік саясат және әлеуметтік теңсіздік
- Тарихи динамикадағы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері
Конференция материалдары конференция жинағында жарияланады. Қатысушылардың мақалалары авторлық редакцияда жарияланады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Конференцияны өткізу форматы – аралас (офлайн және онлайн қатысу).
Zoom (конференция идентификаторы: 894 7193 1851, кіру коды: 093718).
Конференцияға қатысу үшін төмендегі құжаттарды жолдау қажет:
1. Қатысушы өтінімі;
2. Конференция талаптарына сәйкес рәсімделген мақала/баяндама мәтіні.
Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Мақала көлемі 10–12 беттен аспауы тиіс (Times New Roman қарпі, 14 кегль, жоларалық интервал – бірлік, ені бойынша туралау, жиек өлшемі – 2 см).
Мәтін ішіндегі сілтемелер тік жақшаға рәсімделеді, онда автордың тегі, еңбектің шыққан жылы және беті көрсетіледі. Мысалы: [Қозыбаев 2001:59]. Архив сілтемелер толық көрсетілуі қажет. Мысалы: [ҚР ОМА. Қ.1677. Т.1. Іс.25. П.69]. Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Әдебиеттер тізімі әліпби тәртібімен рәсімделуі тиіс. Мақала түпнұсқа болуы қажет.
Талаптарға сәйкес рәсімделген өтінім мен мақала мәтіні 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі тиіс:
Конкабаева Арайлым – konkabayeva.arailym@gmail.com
Ұйымдастыру комитеті жарияланым үшін материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: Конкабаева А.Н. – konkabayeva.arailym@gmail.com; Асанова С.А. – saltasanova@gmail.com
Сіздердің қатысуларыңызға қуанышты боламыз және жемісті ғылыми ынтымақтастыққа сенім білдіреміз!
Конференцияның ұйымдастыру комитеті
Қосымша
Қатысуға өтінім
| Баяндама авторының Т.А.Ә. | |
| Жұмыс/оқу орны (толық атауы) | |
| Қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы | |
| Пошталық мекенжайы | |
| Байланыс телефоны | |
| Баяндама тақырыбы | |
| Қатысу формасы (офлайн/онлайн) |

