Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде мемлекеттік аккредиттеуден сәтті өтіп, бес жыл мерзімге аккредиттелді

Тиісті куәлікті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы 9 шілдеде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес берді.

Мемлекеттік аккредиттеу – ғылыми ұйымдар үшін міндетті рәсім. Ол институттың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға толық сәйкес келетіндігін растайды. Аккредиттеу әр бес жыл сайын өткізіліп, ұйымның ғылыми әлеуеті мен кәсіби деңгейінің жоғары екенін айғақтайды.

Аккредиттеу куәлігі Институтқа мемлекеттік бюджет, халықаралық ұйымдар мен қорлар, кәсіпкерлер, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының конкурстарына қатысуға мүмкіндік береді.

Кезекті мемлекеттік аккредиттеуден сәтті өту Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының еліміздің жетекші ғылыми ұйымдарының бірі ретіндегі мәртебесін және ғылыми зерттеулерді жоғары деңгейде жүзеге асырып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдейді.