2026 жылы 07-11 шілде күндері Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры, ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов, институттың ғылыми қызметкері Сейтхан Шынарбек Моңғолияға іссапармен барып «Шыңғыс хан» ұлттық музейінің директоры Академик С.Чулуун және ЮНЕСКО-ның Көшпенділер өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық институттың директоры PhD докторы Ч.Мөнхтуулмен кездесу өткізді.
Іссапапдың негізгі мақсаты 2026 жылы 21 сәуірде Қазақстан мен Моңғолия екі ел президенттерінің ресми кездесуі барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Шыңғыс хан» ұлттық музейі арасында өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясындағы жұмыстарды талқылап бірлескен ғылым-зерттеу жұмыстарын атқару. Кездесу барысында бірқанша жұмыстарды бірлесіп атқаруға келісілді. Атап айтсақ:
- «Шыңғыс хан» ұлттық музейімен бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру;
- 2026 жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Моңғолия тарихшыларының ассоциациясын құру
- Сол кездесу аясында Алматы шаһарында дөңгелек үстел ұйымдастыру;
- Қазақ хандығы және Жоңғар мемлекеті дәуіріне қатысты тың тарихи деректер мен құжаттар жинағын бірлесіп шығару;
- Көшпенділердің дәстүрлі мәдениеті мен тарихын бірлесіп зерттеу, ғылыми еңбектер, монографиялар жазу қатарлы жұмыстарды атқаруға келістік.
ЮНЕСКО-ның Көшпенділер өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық институтымен ғылыми-зерттеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2026 жылы 8-ші шілде күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Бас директоры, ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов пен ЮНЕСКО-ның Көшпенділер өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық институттың директоры, PhD докторы Ч.Мөнхтуулмен ғылыми-зерттеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Көшпенділер өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық институт (International Institute for the Study of Nomadic Civilizations, IISNC) – ЮНЕСКО-ның қолдауымен 1998 жылы Моңғолияның Ұланбатыр қаласында құрылған халықаралық ғылыми-зерттеу институт болғандықтан төмендегі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу бағыттарында бірлесіп жұмыстайтын болады.
- Көшпенділердің дәстүрлі мәдениеті мен құндылықтарын бірлесе зерттеу, дәріптеу мақсатында ғылыми жобалар дайындау,
- Жылқы мәдениеттін дамыту, қастерлеу, мал шаруашылығы мен мал өнімдерін өңдеу, пайдалану бағыты бойынша ғылыми тұрпатта бірлесіп өзара тиімді жолдарды қарастыру.
- Аталмыш меморандум аясында Қазақстан, Қырғызстан мен Моңғолиядағы көшпелілер тарихы, мәдени мұрасын бірлесіп зерттеу, ғылыми деректер мен материалдар алмасу,
- Көшпенділер өркениетін зерттеуге бағытталған халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастыру,
- Өзара бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.





