2026 жылғы 24 тамызда Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Тарихи-этнографиялық зерттеулерде цифрлық құралдарды қолдану перспективалары: метаграфтық модельдеу және нейрокогнитивтік болжамдық бағалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Кездесудің негізгі спикері — ғылым докторы, профессор Ирина Советовна Карабулатова. Ол Қытайдың Харбин қаласындағы Хэйлунцзян университеті Цифрлық гуманитарлық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жасанды интеллект институтының профессоры, Лейбниц атындағы Еуропалық жаратылыстану ғылымдары академиясының және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.

Кездесу барысында Институт қызметкерлері тарихи және этнографиялық зерттеулерде қолдануға болатын заманауи цифрлық құралдармен танысты. Жасанды интеллект мүмкіндіктеріне, метаграфтық модельдеуге және ғылыми деректерді талдаудың жаңа әдістеріне ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел жылы әрі мазмұнды жағдайда өтті. Институт қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті және ғылыми жұмыста цифрлық технологияларды қолдану перспективаларын талқылады.

,