Құрметті әріптестер!

2026 жылдың 25 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың құрметіне арналған «XVII – XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері: деректер, тарихнама және зерттеу әдістері» атты  ІІ Халықаралық ғылыми форум өткізеді

Форумның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеу және насихаттау, сондай-ақ Орталық Азия тарихы мен этнологиясы бойынша жаңа зерттеулерді ынталандыру.

Шоқан Уәлиханов – Орталық Азия тарихы мен этнологиясындағы белгілі тұлға. Оның көршілес халықтардың мәдениеті, тарихы және этнографиясы туралы еңбектері бүгінгі зерттеушілер үшін өзекті болып қала береді.

Қазақ ғалымы, фольклоршы, географ және саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған бұл іс-шара жақын және алыс шет елдерден келген тарих және этнология саласындағы зерттеушілер арасында ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және білім алмасуға бағытталған. Бұл форум заманауи зерттеу әдістерін талқылау, озық тәжірибелермен алмасу және Орталық Азия аймағындағы өзекті мәселелерге негізделген зерттеу бағыттарын анықтау үшін ғылыми алаңға айналуды мақсат етеді.

Ұсынылған формат Шоқан Уәлихановтың мұрасын насихаттайды, оның ғылым мен мәдениетке қосқан баға жетпес үлесіне, сондай-ақ тарихи және этнографиялық зерттеулердің кең ауқымды контекстіне назар аудартады.

Форум жұмысы келесі секцияларды қамтиды:

  • 1. Шоқантану. Шоқан Уәлихановтың тарихи мұрасы.
  • 2. Этнология және ескерткіштану.
  • 3. Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының тарихы мен этномәдениетін зерттеудің жаңа тәсілдері.
  • 4. Түркология және шығыстану.

Біз бұл іс-шара білім, идеялар және тәжірибе алмасу үшін платформа болатынына және Шоқан Уәлихановтың мұрасы мен оның ғылымға қосқан үлесін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Ғылыми форумның нәтижесі бойынша мақалалар жинағы дайындалып, жарияланады деп күтілуде.

Форумға ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, университет профессорлары, докторанттар және магистранттар қатысуға шақырылады.

Қатысу үшін өтінім мен баяндаманы 2026 жылдың 25 қазанына дейін келесі жауапты тұлғалардың электрондық пошталарына жіберу керек: Аяна Ушкурбаева – ayana_ue@mail.ru, Ақнұр Нұрманова – aknura_n@mail.ru (өтінім үлгісі қоса берілген).

Сіздің қатысуыңызды асыға күтеміз және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Басталуы: 2026 жыл 25 қараша, 10.00.

Жұмыс форматы: оффлайн жәнеонлайн.

Zoom сілтеме:

https://us02web.zoom.us/j/84285527142?pwd=ioJkpFLQkkDMmZqLTBrVkVs1rPsVvn.1

Meeting ID: 842 8552 7142

Passcode: 123456  

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, 050010, Шевченко к-сі 28, 2-қабат, конференц-зал.

Байланыс деректері: Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бөлімі, Дүниежүзі тарихы және сыртқы байланыстар бөлімі, Жас ғалымдар кеңесі.

Мақала рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Мақалаларды рәсімдеу кезінде келесі талаптар орындалуы тиіс: электронды форматта 10 бетке дейін компьютерде терілген мәтін. Қаріп – Times New Roman,                14 кегль; интервал – 1 см; негіз – 1 см; абзац шегінісі – 1 см; бет бағыты – портрет, жоғарғы және төменгі жиектер – 2,0 мм, сол жақ жиек – 3,0 мм және оң жақ жиек –              1 см.

Тақырыптың рәсімделуі: МАҚАЛА АТАУЫ (бас әріптермен, қалың, ортасында); келесі жолда толық аты-жөні (қалың курсивпен, оң жағына); ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны және қаласы келесі жолда (курсивпен, оң жағына); байланыс электрондық поштасы келесі жолда (курсивпен, оң жағына); мақаланың негізгі мәтіні бір жолдан кейін. Әдебиеттер тізіміндегі тиісті дереккөзге сілтемелер мәтінде араб сандарын шаршы жақшаларда пайдаланып рәсімделуі керек, мысалы, [1, 277-бет]. Автоматты бет сілтемелерін пайдалануға рұқсат етілмейді.

Мақала соңында қысқаша түйіндеме беріледі: қазақ тіліндегі мақала үшін орыс және ағылшын тілдерінде; орыс тіліндегі мақала үшін қазақ және ағылшын тілдерінде.

Қолжазбаға автор туралы ақпарат қоса беріледі, оның тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен лауазымы, қаласы, елі, сондай-ақ пошталық және электрондық пошта мекенжайлары мен байланыс телефондары көрсетіледі.

  • Берілген мәтінде пунктуациялық, орфографиялық және стилистикалық қателер орын алмас үшін мұқият тексерулеріңізді сұраймыз.

Ұйымдастыру комитеті ұсынылған тақырыпқа және рәсімделу талаптарына сәйкес келетін мақалаларды таңдау құқығын өзінде қалдырады.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

Тегі, аты, әкесінің аты 
Қосымша автор (бар болған жағдайда) 
Жұмыс орны 
Қызметі 
Ғылыми атағы, лауазымы 
Байланыс телефоны 
E-mail 
Қатысу формасы (онлайн, оффлайн) 
Секция 
Баяндама тақырыбы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)   

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті