ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «XVIII–XIX ғасырлардағы Ертіс өңірі: тарихы және әлеуметтік-экономикалық үдерістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты – Ертістің он шақырымдық жолағының (XVIII ғ. – XX ғ. басы) қалыптасуы мен қолданылу ерекшеліктерін, Солтүстік-Шығыс Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық дамуына ықпалын кешенді зерттеу, мәселе аясындағы жаңа архив құжаттарын ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ Ертіс өңіріндегі отарлау үдерістерін, жер қатынастарын және қазақ-орыс өзара байланыстарын зерттеудің заманауи тәсілдерін талқылау.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
- Ертіс әскери шебінің қалыптасуы мен қызмет ету тарихы;
- XVIII ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі Ертіс өңіріндегі жер қатынастары мен жер пайдалану мәселелері;
- Жер-аумақ мәселелерін шешудегі қазақ саяси элитасының рөлі;
- Өңірдегі қазақ-орыс және қазақ-казак қатынастары;
- Ресей империясының салық саясаты және ремонт салығы(әскери бөлімдердің жылқы қорын толықтыруға арналған алым);
- Он шақырымдық жолақтағы қазақ халқының жерді жалға алу қатынастары мен шаруашылық қызметі;
- Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы көші-қон және демографиялық үдерістер;
- Қазақстандағы отарлау үдерістері мен жер қатынастарын зерттеудің тарихнамасы және заманауи методологиялық тәсілдері.
Конференция жұмысына тарихшылар, этнологтер, архив саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, жас ғалымдар, сондай-ақ архив және мәдениет мекемелерінің өкілдері қатысуға шақырылады.
Конференция офлайн және онлайн форматта өткізіледі.
Өтетін күні: 2026 жылғы 2 қазан
Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.
Конференцияның басталуы: 14:00
Қатысушыларды тіркеу: 13:30
ІС-САПАР ШЫҒЫНДАРЫ
Жол жүруге және тұруға байланысты шығындар іс—сапарға жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
Zoom платформасы арқылы онлайн қосылу мүмкіндігі қарастырылған.
Байланысушы тұлғалар:
Оралова Акнур Амангелдыевна, Тел.: +7 775 303 2448, E-mail:aknur.oralova@mail.ru
Қосымша
Тіркеу нысаны (қазақ немесе орыс тілінде)
| Ч | Тегі | |
| Аты | ||
| Әкесінің аты | ||
| Ғылыми дәрежесі, қызметі | ||
| Мекеме (ғылыми мекеменің, ЖОО-ның және т.б. атауы, оның мекен-жайы) | ||
| Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен) | ||
| Баяндама атау |
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

