2026 жылғы 25–27 қыркүйек аралығында Қытайдың солтүстік-шығысындағы ең ірі қала әрі Хэйлунцзян провинциясының әкімшілік орталығы Харбин қаласында Бірінші Еуразиялық демографиялық форум өтті

Жаңа халықаралық ғылыми қауымдастық өз жұмысын «Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінің демографиялық дамуы: үрдістер, сын-қатерлер және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми конференциядан бастады. Форумның құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары қатарында Хэйлунцзян университетінің Орыс тілі институты, Еуразиялық демографиялық және көші-қон зерттеулері орталығы және Әлеуметтік демография институты болды.

Форум жұмысына Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Константин Владимирович Черепанов қатысты.

Жұмыс сапары AP23488712 «Тәуелсіз Қазақстанның шағын және моноқалаларының күнделікті өмірі (Шығыс өңір мысалында)» гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының атынан Константин Черепанов «2020 жылдардың бірінші жартысындағы Шығыс Қазақстанның шағын қалаларындағы демографиялық динамика» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама «Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдеріндегі демографиялық даму және халық құрылымының өзгеруі» секциясында ұсынылды.

Ғалым өз баяндамасында Шығыс Қазақстанның шағын қалаларындағы демографиялық үдерістерді зерттеу нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар халық саны мен құрылымындағы өзгерістерге талдау жасап, өңірдегі қалалық қауымдастықтардың қазіргі дамуына ықпал ететін негізгі үрдістерді атап өтті.

Форум ғалымдарды, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін бір алаңға біріктірді. Қатысушылар демографиялық даму мен халық құрылымының өзгеруі, отбасы саясаты, адами капиталды қалыптастыру, көші-қон үдерістері және цифрландыру жағдайындағы халықтың мобильділігі мәселелерін талқылады.

Халықаралық ғылыми іс-шараға қатысу жоба аясында алынған зерттеу нәтижелерін ғылыми апробациядан өткізуге, оларды шетелдік сарапшылар қауымдастығына таныстыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы демографиялық үдерістер аясында Қазақстанның шағын қалаларын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Конференция қорытындысы бойынша қазақстандық тарихшы Константин Черепановқа халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасағанын растайтын сертификат табысталды.