ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2026 жылдың 10 желтоқсанында XIV Нүсіпбеков оқулары аясында «Академик Ақай Нүсіпбеков және отандық тарих ғылымындағы ұлт-азаттық қозғалысты зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Академик Ақай Нүсіпбекұлы Нүсіпбеков — отандық тарих ғылымының көрнекті ұйымдастырушысы әрі ірі қазақстандық тарихшы ғалым. Жауынгерлік ерліктері үшін мемлекеттік ордендермен және медальдармен марапатталған, Ұлы Отан соғысы ардагері. А. Нүсіпбеков 1956 жылы Тарих, археология және этнография институтының басшылығына тағайындалып, ширек ғасырдан астам уақыт бойы (1956–1982 жж.) аталған ғылыми-зерттеу мекемесін үздіксіз басқарды. Ғалымның ғылыми-зерттеу қызметі негізгі үш бағытты қамтыды: біріншіден, XVIII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының сипатына ғылыми баға берілді; екіншіден, Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерделеуге арналған іргелі еңбектер жарық көрді; үшіншіден, Қазақ КСР-інің Ұлы Отан соғысындағы үлесі мен тарихи рөлін зерттеуге сүбелі үлес қосылды.
Академик А. Нүсіпбековтің туған күніне орай ұйымдастырылады және «Нүсіпбеков оқулары» форматында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл конференция қазіргі уақытта еліміздің жетекші тарихшылары мен жас ғалымдар үшін негізгі ғылыми-дискуссиялық алаңдардың біріне айналды. Сондай-ақ алдағы жылға арналған ғылыми-зерттеу трендтерін айқындауда маңызды рөл атқарады.
Конференцияның мақсаты – академик А. Нүсіпбековтің отандық тарих ғылымындағы ұлт-азаттық қозғалысты зерттеудегі орны мен рөлін зерделеу, отандық тарихтың өзекті мәселелерін талқылау.
Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өтеді:
– Академик Ақай Нүсіпбековтің өмірі мен қызметі, ғылыми мұрасы және оның маңызы;
- академик Ақай Нүсіпбековтің отандық тарих ғылымындағы ұлт-азаттық қозғалысты зерттеуге қосқан үлесі;
- отандық тарихтағы ұлт-азаттық қозғалыстың өзекті мәселелері;
- қазақ либералды және радикалды зиялыларының ұстанымдарын талдау, ұлт-азаттық қозғалыс басшыларының рөлі;
- 1916 жылғы көтеріліс тұсындағы босқындар мәселесін зерделеу;
- қазақ халқының ұлт-азаттық күресін зерттеу тәжірибесіндегі деректанулық және тарихтанулық өзгерістер.
Өткізілетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, «Ғылым ордасы» ғимараты, 3-қабат
Конференцияның басталуы – сағ. 10:00, қатысушыларды тіркеу – 09:30-да.
Жұмыс форматы: онлайн-конференция Zoom бағдарламасы базасында: https://us02web.zoom.us/j/82525230964?pwd=6PGcSasgdRdPU2WbfGda8xE11RsQBV.1
Конференция идентификаторы: 825 2523 0964, кіру коды: 494451
Ұйымдастыру комитетінің байланыс ақпараты: Айжан Досқараева. Е-mail: doskaraeva@gmail.com.
Конференция қорытындылары бойынша электрондық мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын
Конференцияға қатысу үшін 2026 жылғы 30 қарашаға дейін өтінімдерді электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: doskaraeva@gmail.com.
Конференция қатысушыларының жол шығындары жіберуші тарап есебінен төленеді.
Мақалаларды дайындау талаптары:
Мақалаларды дайындау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет: электрондық нұсқада терілген мәтін көлемі 10 беттен аспауы тиіс. Шрифт – Times New Roman, қаріп өлшемі – 14; жоларалық интервал – 1; мәтінді ені бойынша туралау; абзац шегінісі – 1 см; бет бағыты – кітаптық, жоғарғы және төменгі шеттері – 2,0 см, сол жақ шеті – 3,0 см, оң жақ шеті – 1 см.
Тақырыпты безендіру: тақырыпты бас әріптермен, қалың қаріппен, жол ортасына туралап жазу – МАҚАЛА АТАУЫ; келесі жолға (қалың курсив қаріп, оң жаққа туралау) – толық аты-жөні; келесі жолға (курсив қаріп, оң жаққа туралау) – ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны, қала; келесі жолға (курсив қаріп, оң жаққа туралау) – байланыс үшін электрондық пошта; бір жол бос орын қалдырып – мақала мәтіні. Мәтінде әдебиет тізіміндегі сәйкес дереккөзге сілтемелерді араб цифрларымен және квадрат жақшаларда көрсету қажет, мысалы: [1, б. 277]. Бет бойынша сілтемелерді автоматты түрде қолдануға болмайды.
Мақаланың соңында қысқаша мазмұны (резюме) беріледі: орыс тіліндегі мақала үшін – қазақ және ағылшын тілдерінде; қазақ тіліндегі мақала үшін – орыс және ағылшын тілдерінде.
Қолжазбаға автор туралы ақпарат қоса беріледі: тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен лауазымы, қаласы, елі, сондай-ақ пошта және электрондық мекенжайы, байланыс телефондары көрсетілуі қажет.
Ұсынылған мәтінді орфографиялық, пунктуациялық және стильдік қателерге тексеруді сұраймыз.
Ұйымдастыру комитеті мәлімделген тақырыпқа және ресімдеу талаптарына сәйкес келетін мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ НҰСҚАСЫ
| Тегі, аты-жөні | |
| Қосавторлар (егер болса) | |
| Жұмыс орны | |
| Қызметі | |
| Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы | |
| Байланыс телефондары | |
| Қатысу формасы (онлайн, офлайн) | |
| Секция | |
| Баяндама тақырыбы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) |
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

