Қазақтың көрнекті этнографы Халел Арғынбаевтың 3 томдық таңдамалы еңбектерінің таныстырылымы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 28 қазан 2026 ж.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Сізді қазақтың көрнекті этнографы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Халел Арғынбайұлы Арғынбаевтың «Таңдамалы еңбектер» атты үштомдық басылымының таныстырылымына қатысуға шақырады. Үштомдық ғылыми жоба аясында дайындалды. Жобаның атауы – «Профессор Х. Арғынбаевтың ғылыми мұрасындағы қазақтардың тарихи этнографиясы: еңбектерін 3 томдық басылым ретінде шығару».

Қазақтың XX ғасырдың екінші жартысындағы жетекші этнографының еңбектерінен тұратын үштомдық академиялық басылымға ғалымның қазақтардың этнографиясы мен мәдениетінің әртүрлі мәселелеріне арналған негізгі жарияланымдары: монографиялары, ұжымдық басылымдардағы бөлімдері, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары, рецензиялары және т. б. енгізілді. Томдардың мазмұны, негізінен, хронологиялық жүйелілік қағидаты бойынша құрастырылған. Әр томға ғалымның іргелі, ғылыми маңызы зор еңбектері енгізілген. Бірінші томда – кандидаттық диссертациясы және «Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк» (Алматы, 1969) атты еңбегі; екінші томда – отбасы мен неке мәселелерін жинақтап қарастырған «Қазақ халқындағы семья мен неке» (Алматы, 1973) атты еңбегі; үшінші томда (қазіргі уақытта баспада) – қазақ халқының дәстүрлі өнеріне арналған «Қазақ халқының қолөнері» (Алматы, 1987) атты монографиясы, сондай-ақ ғалым туралы жекелеген мақалалар мен естеліктер, кеңестік кезеңдегі ірі этнограф-ғалымдар С.М. Абрамзонның, И.В. Захарованың, В.П. Курылевтің, А. Оразовтың және т. б. әріптестерінің хаттары қамтылған. Үшінші томның қорытынды бөлімінде Х.А. Арғынбаевтың толық өмірбаяны, оның есімін мәңгі есте қалдыруға қатысты мәліметтер, ғылыми мектебі мен шәкірттері туралы ақпарат берілген.

Халел Арғынбаевтың көптеген маңызды этнографиялық еңбектерінің осы басылымда алғаш рет орыс тіліне аударылып жарияланып отырғанын ерекше атап өткен жөн. Басылымның тағы бір маңызды ерекшелігі – көрнекті ғалымның еңбектерінің мазмұнын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік беретін ғылыми түсініктемелердің кең көлемде берілуі.

Таныстырылымның негізгі міндеттері:

– ғылыми қауымдастықты және барлық мүдделі тұлғаларды 2024–2026 жылдары жарық көрген «Халел Арғынбаев. Таңдамалы еңбектер. 3 томдық» атты жаңа академиялық басылыммен таныстыру, оның ғылыми мұрасын қазақтардың тарихи этнографиясын зерттеумен айналысатын тарихшылар мен этнологтардың кәсіби қызметінде пайдалануға және танымдық мақсатта кеңінен насихаттауға ықпал ету;

– Х.А. Арғынбаевтың негізгі ғылыми еңбектерін, оның Қазақстандағы этнография ғылымының дамуына қосқан үлесін, өмірі мен шығармашылық жолының негізгі кезеңдерін талқылау;

– қазақ этнографиясы ғылымының негізін қалаушылардың бірі, XX ғасырдың екінші жартысындағы «қазақ этнографиялық мектебінің» жетекші өкілінің еңбектерін жариялауға байланысты Қазақстанның қазіргі этнология ғылымының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу;

– академиялық басылымдардың мәтіндерімен, ғылыми түсініктемелерімен және ғылыми-анықтамалық аппаратымен жұмыс істеу тәжірибесін әріптестермен қорытындылау және өзара бөлісу.

Таныстырылымның тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысу нысаны: бетпе-бет және Zoom платформасы арқылы онлайн (идентификатор: 823 8560 7186, кіру коды: 799437, https://us02web.zoom.us/meetings/82385607186/invitations?signature=TkJNG46gb4n_5PO2tx_D7-ftwNGpEDKlF8bZ4MOdBEk).

Таныстырылымға ғылыми қауымдастықтың кең ауқымды өкілдері: этнологтар, тарихшылар, антропологтар, мәдениеттанушылар, археологтар, музейтанушылар, филологтар және басқа да мамандар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-ағартушылық мекемелердің өкілдері, бейінді магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Таныстырылымның жұмыс регламенті: 14.30–16.30.

Мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко көшесі, 28

– «Таңдамалы еңбектер» таныстырылымы – «Ғылым ордасы» Кіші конференц-залы (3-қабат).

Байланысқа жауаптылар:

Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы – этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер, доц., тел. +7 777 312 2036 e-mail: aksunkar1168@gmail.com;

Черниенко Денис Аркадьевич – т.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер, тел. +7 775 883 9340.