2026 ж. 23 қазанда (сағ. 10:30) Ш:Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ҚР ҒЖБМ ҒК АР23489366 «XIX ғасырдың екінші жартысы – 1917 жыл аралығында Қазақстанды крестьяндық отарлау мәселесіне байланысты империялық дискурс» гранттық жоба аясында жоспарланған «Ресей крестьяндардың Қазақстанды қоныстануы және агроотарлық дискурс (XIX ғ. екінші жартысы – 1917 г.)» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды
Конференцияның мақсаты – Қазақстанды крестьяндық отарлау үрдісін және осыған байланысты империялық агроотарлық дискурсты талқылау. Жоба жетекшісі проф. Нұрсан Әлімбай. Форумның мақсаты болып табылатын аталмыш мәселе бір-бірімен өзара себеп-салдарлық байланыстағы екі «блоктың» аясында қарастырылды. Біріншісі Қазақ өлкесін крестьяндық отарлаудың барысын, оның тарихи контекстісін, империялық идеологиясын, саясатын, жүзеге асырудың инструменттерін мен механизмдерін және нәтижесін қамтиды. Екіншісі отарлаудың аталған аспектілеріне байланысты агроотарлық дискурстың қалыптасуы, бағыты және осы үрдістің субъектілері мәселелеріне арналады.
Форумның мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей ғылыми-танымдық аспектілерге арнайы көңіл бөлінді:
– мәселеге қатысты деректік корпустың негізгі категориялары – архивтік мәліметтерді, совет кезеңіне дейінгі ресми басылымдардағы тиісті ақпараттарды, әсіресе тақырыпқа байланысты империялық нормативтік-құқықтық негіз бен негіздеменің танымдық мүмкіндігін талдау;
– крестьяндық отарлаудың барысын, оның тарихи контекстісін, империялық идеологиясын, саясатын, жүзеге асырудың инструменттерін мен механизмдерін және нәтижесін зерделеу;
– крестьяндық отарлаудың аталған мәселелеріне байланысты агроотарлық дискурстың субъектілерінің функциялары қарастырылды;
– әсіресе Ресей мемлекеттік Думаларының аталмыш агроотарлық дискурстың ең басты субъектісі ретіндегі институционалдық болмысына ерекше назар аударылды;
– сонымен бірге қарастырылып отырған кезеңдегі қазақ баспасөзінің агроотарлық дискурс кеңістігіндегі өзіндік орны мен рөліне арнайы ден қойылды.
Форумның тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысудың тәсілдері: тікейлей және онлайн (Zoom платформасы арқылы онлайн (идентификатор: 824 8883 5046, кіру коды: 123456
Форум жұмысына этнологтар, тарихшылар, антропологтар, мәдениеттанушылар, археологтар, музейтанушылар, филологтар сынды мамандар шақырылады.
Мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2-қабат, 205-каб.
Байланысқа жауаптылар:
Нұрсан Әлімбай – проф., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тел.: 8-701-744-59-69; e-mail: burgan555@gmail.com
Болат Құдайбергенұлы Смағұлов – т.ғ.к., PhD (Тарих), қауымд. проф., Р.Б. Сүлейменовв атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі, тел.: 8-707-426-51-47
Контактные телефоны: 8 (7272) 61 67 19, факс: 8 (727) 272-69-72.
Құрметпен, Ұйымдастыру тобы

